Иінтірек тепе-теңдігі
Balancing Act by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Иінтірек тепе—теңдігі
7 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Иінтірек тепе-теңдігінің шартын анықтаңыз.
Практикалық бөлім
Виртуалды экспериментті бастау үшін “Intro” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Иінтірекке бірдей заттарды бірдей қашықтықта орналастырыңыз. Тіректерді алып тастаңыз. Не болып жатыр?

2-қадам. Тіректерді қайта орнатыңыз. Оң жақтағы нысанды үлкенірекке өзгертіңіз, қашықтықта өзгертпей. Тіректерді алып тастаңыз. Не болып жатыр?

3-қадам. Тіректерді қайта орнатыңыз. Үлкенірек нысанның орнын өзгертіңіз. Оны екі есе жақын орналастырыңыз. Тіректерді алып тастаңыз. Не болып жатыр?

4-қадам. Қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Иінтірек тепе-теңдігінің шарты: бір иіндегі күш пен айналу осінен арақашықтыққа көбейтідісі басқа иіндегікүштің және айналу осінен арақашықтыққа көбейтіндісіне тең болуы керек.
Глоссарий
Bricks — Кірпіштер
People — Адамдар
Mystery objects — Массасы белгісіз заттар
None — Ештеңе
Rulers — Сызғыш
Marks — Белгілер
Mass labels — Массаның белгісі
Forces from objects — Заттар келтіретін күштер
Level — Деңгей
Position — Орны
Show — Көрсету
