Конденсаторда жинақталған энергия
Capacitor lab: Basics by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Конденсаторда жинақталған энергия
10 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Конденсатор қандай энергияны жинақтайтынын анықтау.
Практикалық бөлім
Виртуалды экспериментті бастау үшін “Light bulb” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Суретте көрсетілгендей параметрлерді таңдаңыз.

2-қадам. Сыйымдылықты арттырыңыз. Не болып жатыр? Конденсатор пластиналарының заряды, конденсатор жинақтаған энергиясы да артады. Сымдарды шамға қосыңыз.

3-қадам. Сымдарды батареяға қайта қосыңыз. Сыйымдылықты азайтыңыз. Не болып жатыр? Сымдарды шамға қосыңыз.

4-қадам. Сымдарды батареяға қайта қосыңыз. Кернеуді арттырыңыз. Не болып жатыр? Пластиналардың заряды және конденсатор жинақтаған энергиясы да артады. Сымдарды шамға қосыңыз.

5-қадам. Сымдарды батареяға қайта қосыңыз. Кернеуді азайтыңыз. Не болып жатыр? Сымдарды шамға қосыңыз.

6-қадам. Кернеу теріс болса не болады? Қорытынды жасау.
Қорытынды
Конденсаторда жинақталған энергия шеттеріндегі кернеуге және пластиналардағы зарядқа пропорционал. Ал конденсатор пластиналарында жинақталған заряд сыйымдылыққа байланысты. Кернеу теріс болған кезде конденсатор пластиналары заряд белгісін өзгертеді.
Глоссарий
Capacitance – Конденсатор сыйымдылығы
Top plate charge – Жоғарғы пластинаның заряды
Stored energy – Конденсатордың энергиясы
Separation – Пластина арасындағы қашықтық
Plate area – Пластинаның ауданы
Plate charges – Пластиналардың зарядтары
Bar graphs — Гистограммалар
Electric fields – Электр өрістері
Current direction – Ток бағыты
Voltage — Кернеу
