Кулон заңы
Coulomb’s Law by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Кулон заңы
Жұмыс мақсаты:
8 сынып
- Кулон заңын зерттеу.
Практикалық бөлім
Виртуалды экспериментті бастау үшін “Macro Scale” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

1-бөлім. Электростатикалық күштің зарядтарға тәуелділігі
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Бірінші дененің зарядын арттырыңыз. Күш қалай өзгереді?

2-қадам. Екінші дененің зарядын арттырыңыз. Күш қалай өзгереді?

3-қадам. Бірінші дененің зарядын азайтыңыз. Күш қалай өзгереді?

4-қадам. Екінші дененің зарядын азайтыңыз. Күш қалай өзгереді?

5-қадам. Қорытынды жасаңыз.
2-бөлім. Электростатикалық күштің қашықтыққа тәуелділігі
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Денелер арасындағы қашықтықты ұлғайту. Күш қалай өзгереді?

2-қадам. Денелер арасындағы қашықтықты азайтыңыз. Күш қалай өзгереді?

3-қадам. Қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Кулон заңы бойынша электростатикалық күш зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және қашықтықтың квадратына кері пропорционал.
Глоссарий
Force on q2 by q1 – q1-дің q2-ге әсер ететін күші
Force on q1 by q2 – q2-нің q1-ге әсер ететін күші
Charge – Заряд
Force values – Күш мәндері
Scientific notation – Санның стандарт түрі
