Молярлық

Molarity by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жобаның атауы: Молярлық концентрация

Бұл виртуалды зертхана химия сабақтарында келесі тақырыптар бойынша пайдалануға арналған:

  • 8 сынып. X тарау. «Ерітінділер және ерігіштік»

Мақсаттар:

  • еріген заттың мөлшері, ерітінді көлемі және концентрациясы арасындағы байланысты анықтау 
  • молярлық формуласын құру
  • әртүрлі еріген заттардың ерігіштік шектерін зерттеу

Тәжірибелік бөлім

video
play-rounded-fill

1. Симуляцияны іске қосыңыз. Экранда ерітінді құйылған стакан пайда болады. Төменде орналасқан ашылмалы мәзірден зерттегіңіз келетін ерітінді сұйықтығын таңдауға болады.

2.Сіз стаканның сол жағында орналасқан екі сырғытпаны көре аласыз. Бұл сырғытпалар еріген заттың мөлшерін және ерітіндінің көлемін оларды жоғары және төмен сүйреу арқылы реттеуге мүмкіндік береді. Сырғытпаларды жылжытқан сәтте оң жақтағы қызыл көрсеткіге назар аударыңыз. Бұл көрсеткі ерітіндінің концентрациясын білдіреді және сәйкесінше өзгеріп отырады. Сондай-ақ еріген заттың мөлшерін реттеген сайын ерітіндінің түсі азды-көпті қарқынды бола бастағанын байқауыңыз мүмкін.

3.«Solution Values» бөліміне құсбелгі қойып, еріген заттың моль және литр өлшеміндегі сандық мөлшерін көруіңізге болады.

4.Енді ашылмалы мәзірден еріген затты таңдаңыз (мысалы, сусын қоспасы, мыс сульфаты). Жүгірткіні пайдаланып, еріген затты мөлшерін көбейтіңіз немесе азайтыңыз және ерітіндінің түс қарқындылығын бақылаңыз.

5.Ерітіндінің көлемін реттеу үшін келесі жүгірткіні пайдаланыңыз. Концентрацияның қалай өзгеретінін бақылаңыз.

6.Зерттеуге біраз уақыт бөліңіз. Еріген заттың мөлшерін де, ерітінді көлемін де өзгертіп көріңіз. Үлгілерді талдаңыз. Еріген заттың мөлшері мен ерітінді көлемі түс қарқындылығы мен концентрациясына қалай әсер етеді?

7.Бақылауларыңызға сүйене отырып және төмендегі шамаларды қатыстыра отырып, концентрацияны есептеудің математикалық формуласын жазып көріңіз:

  • Еріген заттың мөлшері
  • Ерітінді көлемі

8. Әр түрлі еріген заттармен тәжірибе жасаңыз. Бірнеше жағдайдағы концентрацияны болжау үшін формулаңызды қолданыңыз. Симуляциядағы нақты концентрацияны тексеру арқылы болжамдарыңызды тексеріңіз. Сіздің формулаңыз шындыққа сәйкес келе ме?

9.Әрбір еріген заттың ерітіндіде максималды концентрациясына қалай жететініне назар аударыңыз. Бұл ұғым ерігіштік деп аталады. Сіз бұл туралы келесі “Концентрация” симуляциясынан біле аласыз.

Қорытынды

«Молярлық» виртуалды симуляциясы ерітінді концентрациясы ұғымын түсінудің құнды құралы болып табылады. Берілген қадамдарды орындау және симуляцияны зерттеу арқылы оқушылар еріген заттың мөлшері, ерітінді көлемі және концентрациясының өзара байланысын анықтай алады.

Терминдік сөздік

  • Solute — еріген зат
  • Solution — ерітінді
  • Solute amount — еріген зат мөлшері
  • Solution volume — ерітінді көлемі
  • Solution concentration — ерітінді концентрациясы
  • moles(mol) — моль
  • litres(L) — литр
  • molarity (M)- молярлық
  • Saturated — қаныққан
  • drink mix — қоспа
  • cobalt (II) nitrate — кобальт нитраты
  • cobalt (II) chloride — кобальт хлориді
  • potassium dichromate — калий дихроматы
  • gold (III) chloride — алтын хлориді
  • potassium chromate — калий хроматы
  • nickel (II) chloride — никель хлориді
  • copper (II) sulfate — мыс сульфаты
  • potassium permanganate — калий перманганаты