Ньютонның екінші заңы
Forces and Motion: Basics by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Ньютонның екінші заңы
9 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Ньютонның екінші заңын дәлелдеу.
Практикалық бөлім
Виртуалды экспериментті бастау үшін “Acceleration” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

1-бөлім. Тең—әсерлі күш
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Денені жылжыту үшін оған біраз күш салыңыз. Тең-әсерлі күш нөлге тең емес екенін байқаңыз. Үдеу қалай өзгереді?

2-қадам. Қолданылатын күшті бірте-бірте арттырыңыз. Денеге әсер ететін тең-әсерлі күшінің арта түсетінін байқаңыз. Үдеу қалай өзгереді?

3-қадам. Сырғанау үйкеліс күші түсірілген күштен үлкен болғанша үйкеліс коэффицентін арттырыңыз, бірақтең-әсерлі күші нөлге тең емес. Не болып жатыр? Үдеу қалай өзгереді?

4-қадам. Тең-әсерлі күш бағыты өзгергенін және үдеу теріс болғанын байқаңыз. Үдеу және тең-әсерлі күш векторлық шамалар, сондықтан бағыт өзгергенде бұл шамалар өзгереді.
5-қадам. Дененің тоқтағанын күтіңіз. Тең-әсерлі күш қайтадан нөлге тең. Үйкеліс коэффициентін азайтыңыз. Не болып жатыр? Тең-әсерлі күш және үдеу артып, қайтадан оң болады.

6-қадам. Қорытынды жасаңыз.
2-бөлім. Масса
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Экспериментті қайта бастаңыз. Денені қозғалту үшін оған біраз күш салыңыз. Тең-әсерлі күш және үдеу оң екенін байқаңыз.

2-қадам. Тағы бір қорап қосыңыз. Тең-әсерлі күш өзгермейтіндей үйкеліс коэффициентін азайтыңыз. Үдеу қалай өзгереді?

3-қадам. Қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Ньютонның екінші заңында айтылғандай, үдеу денеге әсер ететін тең-әсерлі күшіне тура пропорционал және дененің массасына кері пропорционал.
Глоссарий
Applied force — Қолданылатын күш
Forces — Күштер
Sum of forces — Тең-әсерлі күш
Values — Сандық мәндер
Masses — Массалар
Speed — Жылдамдық
Friction — Үйкеліс
Acceleration — Үдеу
None — Еншқандай
Lots — Жоғары
