Ондық бөлшектерді көбейту
Area Model Decimals by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;
- Аудан екі санның көбейтіндісі екенін және аддитивті екенін түсіндіру;
- Ондық бөлшектерді көбейтуді жеңілдету үшін аудан моделін қолдану.
Бұл виртуалды жұмыс математика сабағында келесі тақырыптары бойынша пайдалануға арналған:
- 5 сынып. “Ондық бөлшектерді көбейту”
Теориялық бөлім
Ондық бөлшектерді көбейту ережесі
Екі ондық бөлшекті көбейту үшін сізге қажет:
- Бөлшектерді бағанға жазып, үтірлерді туралаңыз.
- Бірінші бөлшектің әр цифрын екінші бөлшектің әр цифрына кезекпен үтірлерді елемей көбейтіңіз.
- Алынған нәтижелерді қосыңыз.
- Алынған көбейтіндіде екі көбейткіштің бөлшек бөліктерінің қосындысында қанша цифр болса, сонша цифрды үтірмен оң жақтан бөліңіз.
Ондық бөлшекті бүтін санға көбейту
Ондық бөлшекті бүтін санға көбейту үшін сізге қажет:
- Бүтін санды ондық бөлшек түріне келтіріңіз: бүтін сааның соңына үтір қойып, бірінші бөлшектегі үтірден кейінгі таңбалар санына тең нөлдерді жазыңыз.
- Алынған бөлшектерді ондық бөлшектерді көбейту ережесіне сәйкес көбейтіңіз.
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т. б. көбейту
Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т. б. көбейту үшін сізге қажет:
- Санда қанша нөл болса, үтірді оңға қарай сонша санға жылжытыңыз.
Виртуалды эксперимент
“Аудан моделі: Ондық сандар” симуляторы оқушыларға ондық бөлшектерді көбейту тақырыбында көмекші құрал болады. Көбейтуді Пифагор кестесі түрінде төртбұрыштың ауданын табу арқылы үйренеді.
Жұмыс барысы:
1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз: Жұмыс аймағында сізге берілген:
- 10*10 өлшемдегі кесте және тігінен, көлденеңнен бөлу сызықтары (1);
- Өшіргіш (2);
- Кестедегі торды жасыру батырмасы (3);
- Кестедегі төртбұрышты бояу батырмасы (4);
- Көбейгіш және көбейткіш сандар тақтасы (5);
- Көбейту нәтижесі тақтасы (6);
- Кестедегі төртбұрыш туралы ақпараттар (7);
- Есептеу тақталары және оны жасыру батырмасы (8);
- Кестесінің өлшемі: 1*1, 2*2 және 3*3 (9);
- Қайта бастау батырмасы (10).

2-қадам. Кесте 10 бөлікке бөлінген. Әр бөлік 0,1 білдіреді, солай 1 бүтін санын құрайды. Кестеде 0,5*0,5 өлшемде шаршы берілген. Көлденеңнен (0,2;0,3) бөлікке бөлінген. Көбейгіш және көбейткіш сандар тақтасы мен көбейту нәтижесі тақтасында деректер көрсетілген. Шаршыны бояу батырмасының басыңыз.

3-қадам. Кестедегі төртбұрыш туралы ақпараттардан “a*b” батырмасын басыңыз. Шаршының бөліктерінде 0,2*0,5 және 0,3*0,5 өрнектері пайда болады.

4-қадам. Есептеу тақтасының 2 түрі берілген. Мұнда шаршының ауданының есептеуі көрсетілген. Біреуінде қадам-қадаммен есептеу жолын астына түсу батырмасын басып отырып қарасаңыз, екіншісінде бірден толықтай есептеуді көресіз.


5-қадам. Кестедегі төртбұрыш туралы ақпараттардан “А” батырмасын басыңыз. Шаршының бөліктерінде “a*b” батырмасындағы өрнектердің мәні пайда болады.

6-қадам. Бөліп тұрған бөлгішті шаршы бойымен жоғары, төмен жылжытып, көбейтіндідегі өзгерістерді зерттеңіз.

7-қадам. Көлденең бөлу сызығын шаршының жоғары жағына шаршыны бөлмейтін етіп шығарыңыз. Тігінен бөлу сызығын оңға қарай жылжытыңыз. Деректерді зерттеңіз. Бөлгішті оңға, солға жылжытып өзгерістерді бақылаңыз.

8-қадам. Шаршыда тігінен және көлденең бөлу сызықтарын жылыжыта отырып, шаршының әртүрлі өлшемдегі тіктөртбұрыштарға бөлінуін зерттеңіз.

9-қадам. Шаршының жанында орналасқан жасыл батырманы тартып төртбұрыштың жаңа өлшемін құрыңыз. Ондық бөлшектердің көбейтіндісін зерттеңіз.

10-қадам. Кестедегі төртбұрыш туралы ақпараттарды, бөлу сызықтарын өзгертіп көріңіз.

11-қадам. Кестенің өлшемін 2*2 және 3*3 ауыстырсаңыз болады. Жоғарыдағы қадамдарды қайталай отырып, есептеулер жүргізіңіз. Төртбұрыш өлшемдерін өзгертіп, көбейтінділерді есептеңіз.

Қорытынды
Бұл виртуалды жұмыста оқушылар аудан моделі арқылы ондық бөлшектерді көбейту бойынша есептер шығарады. Пифагор кестесінде көбейту визуалды түрде тақырыпты меңгеруде жеңілдік туғызады. Сол арқылы жаңа сабақты үйрену оңай болады.
