Сабақ

Жобаның мақсаты

  • 10-ға дейінгі сандарды қосу және азайтуға үйрену
  • Сандармен амалдар жасау арқылы дағдыларды дамыту.

Мұғалімге арналған нұсқаулық 

  • Жоба жеке немесе жұппен орындалады, мұнда әр оқушы жеке тапсырмаларды шешуге мүмкіндігі болады.
  • Жұмысты бастамас бұрын оқушыларды материалдармен таныстырып, жіп пен тесу құралдарын қауіпсіз қолдануды түсіндіріңіз. Кеңсе пышағымен, бізбен жұмыс істегенде абай болу керек екенін ескертіңіз.
  •  Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім

Қосу дегеніміз не?


Қосу – бұл екі немесе одан көп санды біріктіріп, олардың жалпы санын табу үшін жасалатын математикалық әрекет. Біз сандарды қоссақ, бір санды екіншісіне қосқандай боламыз. Мысалы, егер бізде 3 доп болса және тағы 2 доп қоссақ, барлығы 5 доп болады. Бұл әрекет былай жазылады: 3 + 2 = 5.


Қосу бізге заттардың жалпы санын жылдам табуға көмектеседі. 1-сыныпта біз 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қосуға үйренеміз, яғни біз аз топтағы заттардың жалпы санын оңай есептей аламыз.

Азайту дегеніміз не?


Азайту – бұл бүтіннен бөлігін алу немесе алып тастау әрекеті. Мысалы, егер бізде 4 кәмпит болса оның 2-уін жеп қойсақ, бізде 2 кәмпит қалады. Бұл әрекет былай жазылады: 4 — 2 = 2. Азайту бізге бір нәрсе алынып тасталғаннан кейін не қалғанын білуге мүмкіндік береді.


Қосу мен азайту – математиканың негіздері. Олар бізге санауға, заттарды бөлуге, қарапайым тапсырмаларды шешуге және тіпті айналамыздағы оқиғаларды түсіндіруге көмектеседі. Математика логика мен ойлауды дамытады, ал қосу мен азайту сандар әлеміне алғашқы қадам болып табылады.
Қосу мен азайтуды үйренгенде, біз сандардың қалай әрекеттесетінін түсінеміз. Бұл білімдер болашақтағы математикалық тапсырмалар үшін маңызды және күнделікті тапсырмаларды оңай және тез шешуге көмектеседі.

Практикалық бөлім

video
play-rounded-fill

1-қадам. Картон түтігін алып, екі ұшынан кесіңіз.


2-қадам. Моншақты жіптен өткізіп, жіпті көлденеңінен картонның кескен екі жеріне байлаңыз.


3-қадам. Бұл біздің жауапты көрсететін «санамақ» болмақ.

4-қадам. Түтік бойымен 1-ден 10-ға дейінгі сандарын бейнелеңіз. Олар солдан оңға қарай ретімен орналасуы керек. Сандарды қалауыңызша бояңыз.


5-қадам. Сізде суреттегідей құрылым шығуы керек. Моншақ сандар бойымен еркін қозғалуы тиіс.


6-қадам. Тесіктер жасаңыз: кеңсе тескіші немесе біз арқылы сандар бойымен 10 тесік жасаңыз, әр санның астында бір тесік болуы керек. Қажет болса, мұғалімнен көмек сұраңыз.


7-қадам. Екі түсті мақта таяқшаларын дайындаңыз. Оларды қажетті санды көрсету үшін тесіктерге орналастыруға болады.

Дайын! Енді есептер шешеміз! Мысалы, 3 + 4. Бір түсті 3 таяқшаны, басқа түсті 4 таяқшаны тесіктерге орналастырыңыз. Содан кейін моншақты соңғы таяқша орналасқан сан тұсына жылжытыңыз – бұл есептің жауабы.

video
play-rounded-fill

Енді жасаған ойыншықты пайдаланып төмендегі тапсырмаларды шешіңіз.

  1. Бір түстегі 2 таяқша мен басқа түстегі 3 жіпті салыңыз. Моншақты жылжытыңыз, жалпы қанша таяқша бар екенін біліңіз.
  2. 4 таяқша салыңыз, содан кейін 2 таяқша қосыңыз. Жауапты білу үшін моншақты қайда жылжыту керек?
  3. Бізде 5 таяқша бар, тағы сонша таяқша қосамыз. Барлығы қанша таяқша болады?
  4. 8 таяқша салыңыз, содан кейін 3 таяқшаны алып тастаңыз. Моншақты дұрыс жауапқа жылжытыңыз. Қанша таяқша қалды?
  5. Егер біз 6 таяқшаға тағы 2 таяқша қоссақ, қандай жауап аламыз?
  6. Сізде 7 «тиындар» (таяқшалар) бар. Сіз 4 тиынға ойыншық сатып алдыңыз. Қанша тиын қалды?
  7. Сізде 3 таяқша бар. 7 болу үшін қанша таяқша қосу керек?

Қорытынды 

Бұл жоба 10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту туралы нақты түсінік береді. Оқушылар ойыншықты пайдаланып, мысалдарды өз беттерінше шешіп, жауаптарын тексере алады.

Бұл жобада әр оқушы STEAM атағымен бірнеше санат бойынша марапатталады:

  • Сіз инженерлік дағдыларыңызды пайдаланып, өз санамағыңызды жасадыңыз. Сіз –нағыз өнертапқышсыз!
  • Сіз осы ойыншық арқылы сандармен жұмыс істеуді үйрендіңіз! Енді Сіз – Математик-ғалымсыз!