Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Жеке гигиенаны сақтау маңыздылығын түсіндіру.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Жобаны бастамас бұрын балалармен «гигиена», «микроб», «тазалық», «ауру», «қорғану» ұғымдарын талқылаңыз.

Оқушыларға қол тазалығының не үшін маңызды екенін сұрақтар арқылы ойлантыңыз (мысалы: «Қолымыз көрінбейтін нәрселермен ластануы мүмкін бе?»).

Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Күнделікті өмірде қолымызбен түрлі заттарға тиеміз: есік тұтқасы, парталар, ойыншықтар, ақша — осылардың барлығында микробтар болуы мүмкін. Бірақ микробтарды жай көзбен көру мүмкін емес. Олар өте ұсақ, тек арнайы құрылғылармен ғана көрінеді.

Микробтардың кейбірі зиянсыз болса, енді біреулері ауру тудыруы мүмкін. Егер лас қолмен тамақтансақ, тырнақ тістесек немесе көзімізге, ауызымызға, мұрнымызға тисек-– микробтар денемізге еніп кетуі мүмкін. Бұл іш өту, суық тию, тұмау сияқты түрлі ауруларға әкеледі.

Сол себепті қолды жиі және дұрыс жуу — аурудың алдын алудың ең оңай жолы. Сабын микробтарды жойып, оларды теріден кетіреді. Антисептик те микробтарды өлтіруге көмектеседі, бірақ ең тиімді әдіс — сабынмен қол жуу.

Тәжірибелік бөлім

Тәжірибе №1

Екі оқушыны шақырып, біреуіне қолын жууды, екіншісіне жумай қоюды тапсырыңыз. Олардың қолына қарап, басқа оқушылардан қайсысы қолын жуды деп сұраңыз.

Бақылау: Қолдың сыртқы түріне қарап, жуылғанын немесе жуылмағанын анықтау мүмкін болмады.

Тәжірибе №2

Үлкейткіш әйнек (лупа) арқылы оқушылардың қолын кезекпен бақылаңыз: жуылған және көшеден келген соң жуылмаған қолдарды салыстырыңыз.

Бақылау: Лупамен қарағанда да айырмашылық байқалмады. Микробтар өте ұсақ болғандықтан, көзге көрінбейді.

Тәжірибе №3

Мөлдір ыдысқа су құйып, үстіне аздап қара бұрыш себіңіз — бұл микробтарды бейнелейді. Оған бір саусағыңызды батырып алыңыз. Саусақта бұрыштардың жабысқанын байқайсыз. 

Енді саусағыңызға сұйық сабынның бір тамшысын тамызып жағыңыз. Саусақты қайта суға батырыңыз.

Бақылау: Бұрыш сабын тамшысының жанынан жан-жаққа шашырап кетті.

Қорытынды: Сабын судың беткі керілуін бұзады және микробтарды (бұрышты) «итереді». Бұл – сабынмен қол жуу не үшін маңызды екенін көрсететін көрнекі тәжірибе.

Тәжірибе №4

1-қадам. Зип-лок пакеттерді 1-ден 4-ке дейін номерлеңіз.

2-қадам. 4 тілім нан дайындаңыз. Әр нан тіліміне келесі тәртіппен қол тигізіңіз:

  • біріншісіне — жуынбаған қолмен,
  • екіншісіне — сабынсыз жуылған қолмен,
  • үшіншісіне — сабынмен жуылған қолмен,
  • төртіншісіне — антисептикпен өңделген қолмен.

Әр нан тілігін жеке пластик пакетке салып, ауасын шығарып мықтап жауып қойыңыз.

3-қадам. Бір аптадан кейін пакеттерді ашып, қай нан тілімінде зең (көк) көбірек пайда болғанын бақылаңыз.

Бақылау:

  • Жуынбаған қолмен тиген нан тілімінде хеңнен бөлек басқаша құрылымдар байқалады. Нанды құрғақ қолмен ұстағандықтан онда зең көп таралмаған. 
  • Ең көп зең — сумен жуылған қолмен тиген нан тілімінде.
  • Орташа зең — сабынмен жуылған қолмен ұсталған нан тілімінде.
  • Ең аз зең — антисептикпен өңделген қол тиген нан тілімінде.

Қорытынды: Қол неғұрлым таза болса, соғұрлым микроб аз болады. Сабынмен жуу және антисептик қолдану — микробтардан қорғанудың тиімді жолдары.

Қорытынды

Жүргізілген тәжірибелер адамның қолында көзге көрінбейтін микробтар болатынын көрсетті. Бірақ олар қоректік ортада көбейе алады. Енді неге қолды жиі жуу керектігі түсінікті болды. Егер жуынбаған саусақтарды ауызға салсақ, тырнақ тістесек, лас қолмен көзімізге тисек, бұл түрлі ауруларға алып келуі мүмкін.

Өзімізді сол аурулардан қорғаудың ең қарапайым жолы – қолды жуу.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!