Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Нүктелі қағазда кесінділер мен түзу сызықтарды, геометриялық пішіндерді нұсқау бойынша орны, бағыты және қозғалысына сәйкес сыза білу

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Жұмысты бастамас бұрын оқушылармен келесі ұғымдарды талқылаңыз: нүкте, кесінді, түзу, шеңбер, радиус, бұрыш, симметрия, координаталар.

Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Біздің айналамыздағы көптеген заттар — геометриялық пішіндерден құралған. Мысалы, орындық текшелер мен тік төртбұрыштардан, ал үстел шеңбер немесе төртбұрыш пішінді болуы мүмкін.

Изометриялық сурет — бұл үш өлшемді заттарды жазықтықта көрсету тәсілі. Изометриялық сызбада түзу сызықтар белгілі бір бағытта орналасады: 0°, 60°, 120°. Бұл бізге затты биіктігімен, енімен және тереңдігімен көрсетуге көмектеседі.

Нүктелі қағаз немесе изометриялық тор — геометриялық фигураларды дәл және көркем салуға арналған керемет құрал. Ол арқылы оқушылар 3D пішіндерді жобалап, кеңістіктік ойлау қабілетін дамытады.

Тәжірибелік бөлім

1-қадам. Картон қағазға радиусы 6 см шеңбер сызыңыз. 

2-қадам. Транспортирмен шеңберді 60 градустан 6 бөлікке бөліңіз. Нүктелерді суреттегідей бір-біріне қосыңыз. Және центрдегі нүктемен әр екінші нүктені қосыңыз. 

3-қадам. Түзулерді бір-бірінен 1 см қашықтықта нүктелерге бөліңіз. 

4-қадам. Нүктелерді бір-бірімен суреттегідей байланыстырып сызыңыз. Сізде 36 изометриялық шаршылар пайда болады.

5-қадам. Центрден 1 см қалдырып, ортасынан суреттегідей 3*3 шаршыны қиып алып тастаңыз. Текшенің сыртындағы артық картонды да қиып алыңыз.

6-қадам. Шаршылардың ортасына бізбен тесіктер жасаңыз. Изометриялық сызба қағазы дайын. Сіз бұл изометриялық тормен 3 өлшемді суреттер сала аласыз.

7-қадам. Торды пайдаланып, ақ параққа тесіктер арқылы нүктелер қойып шығыңыз. 

8-қадам. Нүктелерді суреттегідей бір-бірімен байланыстырыңыз.

9-қадам. Енді дайын торға қалаған 3 өлшемді сурет салыңыз. Мысал ретінде орындық суреті салынған. 

10-қадам. Суретті қаламсаппен үстінен бастырып сызып шығыңыз. Айланасында артық болып тұрған тор сызықтарын өшіріңіз.

11-қадам. Қалауыңыз бойынша суретті боясаңыз болады. 

Қорытынды

Бұл жоба оқушыларға геометриялық білімді практикамен ұштастыруға мүмкіндік берді. Олар өз қолымен изометриялық тор жасап, нүктелерден бастап үш өлшемді суретке дейінгі процесті толық орындады. Осындай практикалық жобалар оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, оларды нақты ғылымдармен достастырады.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!

– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!