Сабақ
Жобаның мақсаты:
Тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
Жобаны бастамас бұрын оқушылармен бірге “апта күндері”, “таңертең”, “түстен кейін”, “кеш» сияқты ұғымдарды қайталаңыз.
Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.
Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Теориялық бөлім
Апта жеті күннен тұрады: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі. Әр күннің өз ерекшелігі бар. Кей күндері біз мектепке барамыз, ал кей күндері демаламыз.

Күніміз таңертеңнен басталады, түстен кейін жалғасады және кешке аяқталады. Таңертең біз оянамыз, жуынамыз, мектепке барамыз. Түсте тамақтанып, ойнаймыз немесе демаламыз. Кешке үй тапсырмасын орындаймыз, тынығып ұйықтаймыз.
Күн тәртібі — бұл біз күн сайын жасайтын әрекеттердің реті. Өз әрекеттерімізді білу және оларды жоспарлау уақытымызды тиімді пайдалануға көмектеседі.
Тәжірибелік бөлім
1-қадам. Берілген суреттерді сілтеме арқылы өтіп, фотоқағазға басып шығарыңыз. Сілтеме

2-қадам. Күнделікті іс-әрекеттер бейнеленген шаблон суреттерді қиып алыңыз.

3-қадам. Жабысқақ дөңгелек велкроларды тақтаға әр ұяшыққа жабыстырып шығыңыз.

4-қадам. Магнит таспасын екіге бөліп апталық кестенің артына жабыстырыңыз.

5-қадам. Қиылған іс-әрекеттердің артқы жағына жағына да жабысқақ дөңгелек велкроларды жабыстырыңыз.

Дайын!
Апталық кестеге өзіңіздің күнделікті жасайтын әрекеттеріңізді, жоспарларыңызды жабыстырып, құрастырыңыз.
Бұл тақтаны үйіңізге апарып тоңазытқышқа не магнит жабысатын кез келген жерге іліп қоя аласыз. Солай өзіңіздің әр аптаныңға жоспар құрасыз.

Қорытынды
Жоба нәтижесінде оқушылар аптаның күндері мен тәулік бөліктерін меңгерді, өздерінің күн тәртібін құрастыру арқылы уақытты ұйымдастыруды үйренді. Бұл жоба балалардың жауапкершілік сезімін арттырып, өз әрекеттеріне назар аударуына ықпал етеді.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:
– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!
– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!
