Сабақ
Жобаның мақсаты:
Жылу өткізгіштікті және ауаның кеңістікті толтыру қасиетін зерттеу.
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
Сабаққа дейін барлық қажетті құралдарды дайындап қойыңыз.
Тәжірибені демонстрациялық түрде өткізіңіз, балаларға тек бақылаушы рөл беріңіз.
Сабақты оқушыларға тәжірибеге қатысты қызықты сұрақтар қойып, қорытынды жасаңыз.
Нәтижені оқушылармен талқылап, ғылыми түсіндірме беріңіз.
Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.
Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Теориялық бөлім
Ауа — заттың газ күйіндегі түрі. Ол көрінбейді, бірақ бар екенін әрдайым сеземіз: мысалы, жел соққанда немесе шар үрлегенде. Газ молекулалары бір-бірінен алшақ орналасқан және үнемі қозғалыста болады. Бұл молекулалардың қозғалысы мен орналасуы сыртқы температураға байланысты өзгереді.
Температура артқанда, ауа молекулалары жылдам қозғалады, өзара ара қашықтықтары ұлғаяды, яғни ауа кеңейеді.
Керісінше, температура төмендегенде, молекулалар баяулайды, тығыздалып, аз орын алады.
Жылу өткізгіштік дегеніміз — жылу энергиясының зат арқылы берілу қабілеті. Бұл тәжірибеде жылу бөтелке арқылы ішіндегі ауаға өтеді де, оның көлемін арттырады — шар кеңейеді.
Тәжірибелік бөлім
Тәжірибе №1
1-қадам. Бөтелкелердің мойнына шар орнатыңыз (шар бос және үрілмеген болуы керек).

2-қадам. Үлкен ыдыстың біреуінің ішіне суық су құйып, мұз кесектерін салыңыз.

3-қадам. Екінші ыдысқа ыстық су құйыңыз.

4-қадам. Бір бөтелкені ыстық суға, екіншісін суық суға салыңыз.

5-қадам. Балалар шардың өздігінен кеңейгенін және кішірейгенін бақылайды. Неліктен шар кеңейді немесе кішірейді деген сұрақ қойып, оқушылармен бірге қорытынды жасаңыз.

Бақылау: Ауа температураға байланысты көлемін өзгертеді: ыстықта — кеңейеді, суықта — сығылады. Осыған байланысты шар ыстық суда өздігінен үрленіп, суық суда кішірейеді. Бұл газ күйіндегі заттардың негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады.
Тәжірибе №2
1-қадам. Қағаздан кішкентай кеме жасаңыз.

2-қадам. Кемені су құйылған шұңғыл мөлдір ыдысқа салыңыз.

3-қадам. Стаканмен кемені жауып, суға батырыңыз.

4-қадам. Стакан мен кемені қайта судың бетіне көтеріңіз. Кеменің құрғақ екенін байқайсыз. Оқушылардан кеме қалай құрғақ болып қалғанын сұрап, талқылаңыз.

5-қадам. Кемені стаканға толық кіргізбей, суға батырып, қайта шығарыңыз. Бұл жолы кеме құрғақ па? Әлде суланып қалды ма?


Бақылау: Біз оны көрмесек те, стақанның ішінде ауа бар. Стақанды төңкеріп суға батырғанда, ішіндегі ауа судың ішке кіруіне кедергі жасайды. Келесі әрекетте стакан кемені толық жаппай, жартылай ғана жауып суға батырғанда, кеме суланып қалды. Себебі ауа толық қорған бола алмады, су кемеге жетіп, оны шайып өтті.
Қорытынды
Бұл демонстрациялық жоба арқылы оқушылар ауаның көрінбейтін болса да, кеңістікті толтыратынын, температура өзгерісіне әсер етітінін, көлемін өзгерте алатынын түсінеді. Жобаның нәтижесінде балалар газдың қасиеттерін, жылу мен ауа арасындағы байланысты нақты бақылап, ғылыми ұғымдарды түсінікті түрде меңгереді.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:
– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!
– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!
