Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Заттарды шығу тегі мен агрегаттық күйіне қарай жіктеу

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабаққа дейін барлық қажетті құралдарды дайындап қойыңыз.

Тәжірибені демонстрациялық түрде өткізіңіз, балаларға тек бақылаушы рөл беріңіз.

Сабақты қызықты сұрақтан бастаңыз:
«Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?»

Балаларға сұрақтар қойылып, болжау жасауға мүмкіндік беріледі.

Нәтижені оқушылармен талқылап, ғылыми түсіндірме беріңіз.
Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Заттардың маңызды қасиеті — агрегаттық күйі. Бұл заттың қандай күйде тұрғанын білдіреді:

  • Қатты заттар — пішіні мен көлемі тұрақты (тас, темір, ағаш, бор).
  • Сұйық заттар — өз пішінін өзгертеді, көлемі сақталады (су, сүт, шырын).
  • Газдар — пішіні де, көлемі де болмайды, олар кеңістікті толық толтырады (ауа, бу, көмірқышқыл газы).

Бұл жобада біз негізінен сұйықтықтың (су) және газдың (ауа) қасиеттерін бақылап, олардың өзара әрекеттесуін зерттейміз.

Судың беткі керілуі мен ауа қысымы — күнделікті өмірде жиі байқалатын, бірақ көзге көрінбейтін құбылыстар. Беткі керілу су молекулаларының бір-бірін тартуынан пайда болады. Бұл күш сұйықтыққа белгілі бір пішін беріп, оны ыдыстан төгілуден сақтай алады.

Ал ауа қысымы — ауа молекулаларының заттарға түсіретін күші. Бұл күш кей жағдайларда су немесе басқа заттарды ұстап тұра алады.

Жоба аясындағы тәжірибелер осы құбылыстарды визуалды түрде түсінуге көмектеседі және оқушылардың затты тану мен жіктеу дағдыларын қалыптастырады.

Тәжірибелік бөлім

Тәжірибе №1

1. Бөтелкеге суды ернеуіне дейін толтырыңыз.

2. Бөтелкенің бетін қағаз сүлгімен жауып, артық бөлігін алып тастаңыз. 

3. Бөтелкені үлкен ыдысқа төңкеріп ұстаңыз. Су бөтелкеден төгілмейді.  Оқушылармен неге бұлай болғанын талқылаңыз.

Бақылау: Су бөтелкеден төгілмейді. Бұл – судың беткі керілу күшімен түсіндіріледі. Су сүлгінің барлық саңылауларына еніп, жұқа су қабығын түзеді. Бұл қабық судың сыртқа төгілуіне жол бермейді.

Тәжірибе №2

1. Дәкені екі қабаттаңыз. Одан шеңбер қиып алыңыз. 

2. Бөтелкеге суды толтырмай құйыңыз. Бөтелкенің аузын дәкемен жауып, резеңкемен ораңыз.

3. Бөтелкенің аузын қолыңызбен жауып тұрып, үлкен ыдысқа төңкеріңіз. Қолыңызды алыңыз. Су ақпайды.

4. Бөтелкені төмен қаратып ұстап тұрған күйде ішіне бірнеше тіс шұқығыштар кірігізіңіз. Судың сонда да бөтелкеден ақпағанын байқайсыз. 

5. Бөтелкені қайта жоғары қаратып, үстіне тағы су құйыңыз. 

6. Бөтелкені төңкеріңіз, судың ағып жатқанын байқайсыз. Неге?

7. Қайтадан бөтелкенің аузын қолыңызбен жауып тұрып, үлкен ыдысқа төңкеріңіз. Қолыңызды алыңыз. Судың бөтелкеден ақпай тұрғанын көресіз.

Бақылау: Су төгілмейді, себебі ауа қысымы мен судың беткі керілуі әсер етеді. Бөтелкенің ішіндегі ауа қысымы төмен, ал сыртындағы жоғары болады. Сонымен қатар, су дәке тесіктерінің бәрін толтырып, беткі керілу күшінің арқасында бөтелкедегі суды ұстап тұрады.

Тәжірибе №3

1. Тақтайшаның үстіне салфетканы қойыңыз.

2. Қағаз сүлгінің үстіне кішкене су құйып, салфеткаға таралуын күтіңіз. 

3. Қағаз сүлгінің үстіне май шамды қойып, жағыңыз.

4. Май шамның үстіне стаканды төңкеріңіз. Бірнеше секундтан кейін май шамның сөнгенін көресіз. Неге бұлай болды деп ойлайсыз?

5. Стаканды көтеріп көріңіз. Стакан астындағы тақтайшамен бірге көтеріледі. Үстіне зат қойып та көтеріп көріңіз. Тақтайша қалай құлап қалмай стаканға жабысып тұрғанын оқушылармен талқылаңыз.

Бақылау: Шам жанып жатқанда оттегіні пайдаланады. Стакан ішіндегі оттегі біткен соң шам сөнеді. Сонымен қатар, жану кезінде пайда болған газдар су буымен араласып ішкі қысымды төмендетеді. Сыртқы ауа қысымы тақтайшаны стаканға жабыстырып ұстап тұрады. Бұл — қысым айырмасы әсерінің көрінісі.

Қорытынды

Бұл тәжірибелер арқылы балалар заттардың агрегаттық күйін (су — сұйық, ауа — газ), судың ерекше қасиеттерін (беткі керілу, қысым әсері), ауа мен судың өзара әрекетін және оларды бақылаудың маңызын түсінеді. Балалар табиғи заттарды (су, ауа) жасанды заттардан ажырата білуге үйренеді.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!

– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!