Сабақ
Жобаның мақсаты:
Ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц), көлем/сыйымдылық (л), уақыт (сағ, мин, тәулік, ай, жыл) шамаларының мәндерін салыстыру және осы шамалардың мәндерімен қосу/азайту/көбейту/бөлу амалдарын орындау.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
Әр қадамда балалардан «Қанша мөлшер қолдандық? Бұл неше мл? Бұл неше дм?» деген сұрақтар қойып отырыңыз.
«Егер біз 120 мл гельдің орнына 240 мл қоссақ не болады?» сияқты болжамдық тапсырмалар ұсыныңыз.
Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
Ыстық сумен, тағамдық бояғышпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.
Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Теориялық бөлім
Бізді қоршаған дүниеде әртүрлі шамалар бар: ұзындық, масса, көлем және уақыт. Бұл шамаларды білу, өлшеу және салыстыру — күнделікті өмірде жиі кездесетін маңызды дағды. Мысалы, ас әзірлегенде — көлем мен масса, жол жүргенде — уақыт пен ұзындық, сұйықтықты құйғанда — сыйымдылық өлшемдері қажет болады.

1. Ұзындық
Ұзындық — заттың немесе қашықтықтың қаншалықты ұзын екенін сипаттайтын шама. Оны сантиметр (см), дециметр (дм) және метр (м) арқылы өлшейміз.
2. Масса
Масса — заттың «ауырлығын» немесе қанша «салмақ» тартатынын көрсетеді. Ол килограмм (кг) және центнер (ц) бірліктерімен өлшенеді.
3. Көлем (сыйымдылық)
Көлем — ыдысқа немесе басқа бір орынға қанша сұйықтық немесе зат сыятынын көрсетеді. Ол миллилитр (мл) және литр (л) бірліктерімен өлшенеді.
4. Уақыт
Уақыт — белгілі бір оқиғаның немесе әрекеттің ұзақтығын сипаттайды. Уақыт бірліктері: минут (мин), сағат (сағ), тәулік, ай, жыл.
Неліктен бұл маңызды?
Шамаларды дұрыс түсіну мен өлшеу — тек сабақ үшін ғана емес, күнделікті өмірде де маңызды. Бұл дағдылар аспаздықта, медицинада, құрылыс пен ғылымда кеңінен қолданылады. Оқушылар осы тәжірибе арқылы шамаларды нақты іс-әрекетте қолдануды үйренеді және логикалық, математикалық ойлауы дамиды.
Тәжірибелік бөлім
Қадам 1. Ыдысқа 2 ас қасық желатинді салып, үстінен шамамен 240 мл ыстық су құйыңыз. Қасықпен жақсылап араластырып, желатин толық ерігенше күтіңіз.

Қадам 2. Еріген желатинге шамамен 120 мл сұйық сабын немесе гель қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз.


Қадам 3. Қалауыңыз бойынша 1-2 тамшы тағамдық бояу тамызыңыз. 5-10 тамшы эфир майын қосуға болады. Барлығын тағы да араластырыңыз.

Қадам 4. Алдын ала дайындап қойған силикон не пластик формаларға қоспаны абайлап құйыңыз.

Қадам 5. Қоспаның үстіне жылтырақтарды себіңіз.

Қадам 6. Формаларды тоңазытқышқа 3–4 сағатқа немесе толық қатқанша қойыңыз.

Дайын!
Желелер қатып болған соң, оларды ақырын қалыптан шығарыңыз.
Душта қолдануға дайын!

Қорытынды
Жоба нәтижесінде оқушылар көлемді өлшеу бірліктерін (мл, л) таныды. Мөлшерді салыстырып, арифметикалық амалдар орындады. Балалар үшін пайдалы әрі қызықты тәжірибе арқылы олар математика мен жаратылыстанудың өмірмен байланысын нақты түсінді.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:
– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!
– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!
