Сабақ

video
play-rounded-fill

Жұмыстың мақсаты:

  • pH өзгерісінің (H⁺ және OH⁻ иондарының қосылуы) химиялық тепе-теңдікке әсерін зерттеу.

Күтілетін нәтижелер

Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:

  •  Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
  •  алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
  •  өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Тапсырма 2-3  адамнан тұратын топтарда орындалады
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:

Теориялық бөлім

Темір (III) иондары мен гидроксид-иондары арасындағы тепе-теңдік реакциясы:

  • NaHCO₃ (сода) қосылған кезде FeCl₃ ерітіндісінде OH⁻ иондарының концентрациясы артады, нәтижесінде тепе-теңдік оңға қарай ығысады — қоңыр түсті Fe(OH)₃ тұнбасы түзіледі.
  • CH₃COOH (сірке қышқылы) қосылғанда H⁺ иондарының концентрациясы артады, олар OH⁻ иондарын байланыстырады. Бұл тепе-теңдіктің солға қарай ығысуына әкеледі, тұнба еріп, ерітіндіде қайтадан Fe³⁺ иондары түзіледі.

Бұл Ле-Шателье принципінің мысалы: жүйенің жағдайлары (pH) өзгерген кезде, ол реакция бағытын өзгертіп, тепе-теңдікті қалпына келтіруге тырысады,.

Практикалық бөлім

1-қадам. Сынауыққа темір (III) хлориді (FeCl₃) ерітіндісінің аз мөлшерін (шамамен 1/3 бөлігіне дейін) құйыңыз.

2-қадам. Шпатель ұшымен аздап ас содасын (NaHCO₃) қосыңыз.

3-қадам. Жайлап араластырып, қоңыр тұнбаның түзілгенін бақылаңыз — бұл Fe(OH)₃.

4-қадам. Сынауыққа бірнеше тамшы сірке қышқылын қосыңыз.

5-қадам. Тұнбаның біртіндеп еритінін және ерітіндінің қызыл-қоңыр түске боялатынын бақылаңыз.

6-қадам. Жұмыс парағына химиялық реакция теңдеулерін жазып, жұмыс туралы қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Зертханалық жұмыс барысында ортаның рН мәнінің химиялық тепе-теңдікке айтарлықтай әсер ететіні анықталды.

Сода (сілті) қосылған кезде тепе-теңдік Fe(OH)₃ тұнбасының түзілу жағына ығысты, ал сірке қышқылы (қышқыл) қосылғанда бұл тұнба еріп кетті.

Бұл жағдай Ле-Шателье принципіне сәйкес келеді: жүйе сыртқы әсерді өтеуге тырысып, тепе-теңдік бағытын өзгертеді.