Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Түрлі материалдардың электр өткізгіштігін зерттеу

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Жобаны бастамас бұрын оқушылармен «Электр деген не?», «Не өткізеді, не өткізбейді?» тақырыптарын талқылаңыз.
Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.

Оқушылар тәжірибе жүргізіп болған соң, қандай материалдар жарықдиодты жаққанын дәптерге жазып, кесте толтырады.

Батареяны дұрыс жалғау, сыммен абай болу. Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Электр дегеніміз — бұл қуат. Ол арқылы шам жанады, теледидар, тоңазытқыш, компьютер жұмыс істейді. Бірақ электр өз бетімен жүре алмайды. Оған арнайы жол керек. Сол жолды тұйық тізбек деп атаймыз.

Электр қуаты заттардың ішінен өтуі мүмкін. Бірақ барлық заттар электрді бірдей өткізбейді. Кейбір заттар өткізеді, ал кейбіреулері өткізбейді.

Өткізгіш заттар — бұл электрді өткізетін заттар. Мысалы, металдан жасалған заттар: шеге, скрепка, фольга, монета. Олар арқылы электр оңай өтеді, сондықтан шам жанады.

Өткізбейтін заттар — бұл электрді өткізбейтін заттар. Мысалы, ағаш, пластик, резеңке, мата. Бұл заттар электрді өткізбейді, сондықтан шам жанбайды.

Біз тәжірибе арқылы түрлі заттарды тексереміз. Егер шам жанса — зат өткізгіш, жанбаса — өткізбейтін екенін білеміз.

Тәжірибелік бөлім

Қадам 1. Батареяларды батарея бөлімі салыңыз.

Қадам 2. Батарея бөлімінің екі жағына крокодил қысқыштарын жалғаңыз: Қызыл = плюс (+), қара = минус (–) өрісті білдіреді.

Қадам 3. Жарықдиодты шамды жалғау. Жарықдиодтың қысқа аяғын (минус) батарея блогынан шыққан қара қысқышпен жалғаңыз.

Қадам 4. Үшінші крокодил қысқышын алып, оны жарықдиодтың екінші жағына жалғаңыз.

Қадам 5. Электр өткізгіштігін тексеру. Екі ашық қысқышты тексергіңіз келген затқа жалғаңыз. Мысалы, фольга. Жарықдиодты бақылаңыз: Егер жанып тұрса — материал электр өткізеді. Егер жанбаса — материал электр өткізбейді.

Қадам 6. Түрлі материалдарды бір-бірлеп тексеріңіз: тиын, скрепка, фольга, ағаш, металл сызғыш, пластик сызғыш, мақта, қалам, т.б. Әрбір материал үшін жарықдиод жанып-жанбайтынын бақылаңыз. Кестені толтырыңыз.

Бақылау кестесі
МатериалЖарықдиодты шам жанды ма?Электр өткізгіштік
Фольга
Ағаш
Тиын
Мақта
Металл сызғыш
Пластик сызғыш
Скрепка
Қалам

Қорытынды

Бұл жоба оқушыларға өздігінен зерттеу жүргізуге, болжам айтуға және дәлел келтіруге мүмкіндік береді. Балалар күнделікті өмірдегі заттардың электр өткізгіштік қасиеттерін түсінеді. Жоба ғылыми ойлауды, логиканы және тәжірибе арқылы білім алуды дамытады.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!

– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!