Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Әртүрлі материалдарды зерделеу негізінде түріктердің өмір салтын анықтау.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.

Блендермен, пва желіммен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Ежелгі түркілер табиғатпен үндес өмір сүріп, тұрмыстық бұйымдарын көбіне саз, тері, ағаш сияқты табиғи материалдардан жасаған. Олар ыдыс-аяқты тек тағам ішу үшін емес, сақтау және тасымалдау мақсатында да қолданған. Бұл — сол заман адамдарының қоршаған ортаны тиімді әрі ұқыпты пайдалана білгенін көрсетеді.

Қазіргі таңда бұл дәстүрді жаңаша жалғастырудың бір жолы — тұрмыстық қалдықтарды, соның ішінде қағаз қалдықтарын қайта өңдеу арқылы пайдалы бұйымдар жасау. Қағаз — күнделікті өмірде ең көп қолданылатын әрі ең көп тасталатын материалдардың бірі. Оны дұрыс өңдеп, қайта қолдану арқылы біз табиғатты ластанудан қорғай аламыз әрі жаңа өнімдер жасап шығара аламыз.

Қағаз массасынан жасалған бұйымдар — экологиялық таза, үнемді және эстетикалық тұрғыда тартымды. Мұндай бұйымдарды жасау процесінде оқушылар ұзындық, масса, көлем, уақыт сияқты физикалық шамалармен жұмыс істейді. Бұл тек шығармашылық емес, сонымен қатар ғылыми және технологиялық тұрғыдан да маңызды тәжірибе болып табылады.

Мұндай жобалар балалардың ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, оларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, қалдықты қайта қолдану мәдениетін қалыптастыруға баулиды. Яғни бұл жоба — ата-бабамыздың табиғатты құрметтеуге негізделген өмір салтын қазіргі заманға сай жаңғырту мүмкіндігі.

Тәжірибелік бөлім

1-қадам. А4 қағазы мен жұмыртқа қорабын ұсақтап жыртып, ыдысқа салып, үстінен жылы су құйыңыз. Қағазды 1 сағатқа суға қалдырыңыз.

2-қадам. Жібітілген қағаз бен қорапты блендермен езіп, біртекті қағаз массасын (пульпа) жасаңыз.

3-қадам. Дайын массаны сүзіп, артық суды сығыңыз. (Сәл дымқыл қалуы керек.)

Рецепт 1: Жібітілген қағаз + ұн

Құрамы:

Қағаз массасының жарты бөлігі

Ұн — 100-120 гр

Су — 55-60 мл

Тұз — 1 ас қасық

4-қадам. Ұн, су және тұзды араластырып, сұйық қамыр жасаңыз.

5-қадам. Осы қамырды бір бөлік қағаз массасына қосып, жақсылап илеңіз. Қолға жабыспайтын, пластилин тәрізді жұмсақ масса шыққанша араластырыңыз.

Рецепт 2: Жібітілген қағаз + ұн + желім

Құрамы:

Қағаз массасының қалған бөлігі

Ұн — 150-180 гр

Тұз — 1 ас қасық

ПВА желім — 100 гр

Өсімдік майы — 2 ас қасық

6-қадам. Барлық ингредиенттерді екінші бөлік қағаз массасына қосыңыз.

7-қадам. Қасықпен немесе қолмен жақсылап илеңіз. Майдың арқасында қоспа жұмсақ әрі икемді болады.

8-қадам. Форма ретінде 2 ыдысқа тағамдық пленкамен ораңыз. 

9-қадам. Қоспаларды жеке-жеке ыдыстың үстіне салып, форма беріңіз. Ыдысқа біркелкі жағып, тегістеңіз.

10-қадам. Екі ыдысты да жылы, желдетілетін жерге 3-4 күнге қойыңыз.

11-қадам. Толық қатқан соң қалыптан абайлап ажыратыңыз.

Дайын!

Ұнмен жасалған ыдыс сәл нәзік, бірақ экологиялық таза болып шыққан. Желіммен жасалған ыдыс мықтырақ, тегіс, әрі жақсы өңделеді.

Қорытынды

Оқушылар жоба барысында материалды қайта өңдеудің жолдарын, пропорция мен пішін ұғымдарын, тарихи және мәдени құндылықтарды үйренеді. Сонымен қатар, олар ежелгі түркілердің өмір салты мен тұрмыс бұйымдарының қызметін зерттеп, өз қолымен қазіргі заманғы баламасын жасап көреді. Бұл жоба экология, өнер және тарих пәндерін біріктіре отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытады.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!