сабақ1

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау

Жұмыстың мақсаты

  • Тәжірибе арқылы көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау;
  • Қауіпсіздік ережесін сақтап білу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Жұмсалған жұмыс пайдалы жұмысқа қарағанда артық;
  • ПӘК әрқашанда 100%-дан кем.

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

Пайдалы әрекет коэффициенті ПӘК атқарылған жұмыстың қандай бөлігі пайдалы жұмысқа жұмсалатынын көрсетеді. Формуласы:

n = Апж 100%

мұндағы, Ап — пайдалы жұмыс, Аж — толық немесе жұмсалған жұмыс.

Дереккөздер:

  1. Жай механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті. Механиканың “алтын ережесі”. (2017). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 7-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Көлбеу жазықтық. Көлбеу жазықтықты қолжетімді заттардан жасауға болады. Ол үшін ыстық желім, картон, ағаш таяқшалар керек. 

Жұмыс барысы:  

1-қадам.

Картон тіктөртбұрышты фигураларды кесіп қойыңыз, олар штативтің тірегі болады. Тіктөртбұрыштардың ортасында тесік жасап қойыңыз, тесіктердің өлшемі таяқшалар сиятындай болуы керек. 

2-қадам.

Ыстық желім қолдана отырып, таяқшалар мен тіректі желімдеп біріктіріңіз. 

3-қадам.

Үлкен өлшемді картон алып, оны штативке ыстық желім арқылы жапсырамыз. Тұрақтылық жоғары болу үшін картонға тесік жасап, штативті картонның ішіне енгізіп барып желімдейміз. Ыстық желім кепкенше күте тұрыңыз.

Тәжірибе.

Осы тәжірибеде біз көлбеу жазықтық, жүк, динамометр, өлшеуіш таспа, қарындаш, сызғыш қажет етеміз. 

Жұмыс барысы:  

1-қадам.

Көлбеу жазықтықтың биіктігін және ұзындығын өлшеңіз. Деректерді кестеге жазып қойыңыз. 

2-қадам.

Жүктің ауырлық күшін анықтаңыз, F1, ол үшін динамометрді қолданыңыз. 

3-қадам. Денені көтеру үшін жасалынатын пайдалы жұмысты есептеңіз:

A1 = F1 h

4-қадам.

Жүкті динамометрге іліп қойып, көлбеу жазықтыққа жатқызып қойыңыз. Динамометрді біркелкі тартып жүкті көлбеу жазықтық бойымен көтеріңіз. Жұмсалған күшті өлшеңіз, F2. Деректерді кестеге енгізіңіз. 

5-қадам. Жұмсалған жұмысты есептеңіз:

A2 = F2 l

6-қадам. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін есептеңіз:

n = A1 / A2 * 100%

Деректерді кестеге енгізіп, қорытынды жасаңыз.

Зерттеу бөлімі

l, мh, мF1 , НF2, НA1, ДжA2, ДжПӘК, %
1       
2       
3       

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • ПӘК қандай ақпарат береді? Не анықтайды? 
  • Жұмсалған жұмыс пайдалы жұмыстан неге артық?

Қорытынды

ПӘК механизмнің қаншалықты эффективті жұмыс жасайтының көрсетеді. Толық жұмыс пайдалы жұмыстан әрқашанда артық болады.