Сырғанау үйкеліс күші
Forces and Motion: Basics by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Сырғанау үйкеліс күші
7 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Сырғанау үйкелісінің үйкеліс коэффициентіне тәуелділігін анықтау;
- Сырғанау үйкелісінің нормаль қысым күшіне тәуелділігін анықтау.
Практикалық бөлім
Виртуалды экспериментті бастау үшін “Friction” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

1-бөлім. Үйкеліс коэффициенті
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Денеңізді қозғалту үшін оған біраз күш салыңыз. Экспериментті кідіртіп қойыңыз. Сырғанау үйкелісінің қанша екеніне назар аударыңыз.

2-қадам. Үйкеліс коэффициентін арттырыңыз. Сырғанау үйкеліс қалай өзгерді?

3-қадам. Үйкеліс коэффициентін азайтыңыз. Сырғанау үйкеліс қалай өзгерді?

4-қадам. Қорытынды жасаңыз.
2-бөлім. Нормаль қысым күші
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Экспериментті қайта іске қосыңыз. Денеңізді қозғалту үшін оған біраз күш салыңыз. Эксперименттікідіртіп қойыңыз. Сырғанау үйкелісінің қанша екеніне назар аударыңыз.

2-қадам.. Сырғанау үйкелісінің нормаль қысым күшіне тәуелділігін тексеру үшін объектінің массасын өзгерту керек, себебі нормаль қысым күші ауырлық күшіне тең. Сондықтан нормаль қысым күшін өзгерту үшін ауырлық күшін өзгерту керек, ал ол үшін заттың массасын өзгерту керек.
3-қадам. Массаны арттыру үшін тағы бір қорапты қосыңыз. Сырғанау үйкеліс қалай өзгерді?

4-қадам. Объектіні жеңілірек етіп өзгертіңіз. Денеге күш салыңыз. Сырғанау үйкеліс қалай өзгерді?

5-қадам. Қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Сырғанау үйкелісі үйкеліс коэффициентіне және нормаль қысым күшіне тура пропорционал.
Глоссарий
Applied force — Қолданылатын күш
Forces — Күштер
Sum of forces — Тең-әсерлі күш
Values — Сандық мәндер
Masses — Массалар
Speed — Жылдамдық
Friction — Үйкеліс
None — Еншқандай
Lots — Жоғары
