Тартылыс күші 

Gravity Forse Lab: Basics by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

video
play-rounded-fill

Мақсаты:

  • Тартылыс күшінің заттардың массасымен және олардың арасындағы қашықтықпен байланысы.

Бұл виртуалды зертхана 5-сыныптарда сабақтарда қолдануға арналған.

Виртуалды эксперимент

Тартылыс күші симуляциясында оқушылар екі объектінің бір-біріне әсер ететін тартылыс күшін бақылайды және гравитациялық тартылысқа әсерін көру үшін массалардың қасиеттерін өзгертеді. Тартылыс заңы әлемдегі барлық заттар бір-біріне тартылатынын айтады. Заттың массасы неғұрлым көп болса, оның тартылысы соғұрлым күшті болады.

Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.

Жұмыс барысы:

1-қадам. Симуляция ашылған кезде:

  • Бірінші дененің салмағы — 2 млрд кг;
  • Екінші дененің салмағы — 4 млрд кг;
  • Денелердің арасындағы арақашықтық — 4 км;
  • Денелер бір-бірінің массасына әсер ететін күші — 33,4 Н екенін көресіз.

2-қадам. Екі дене пішінінің көлемі екі түрлі екенін көресіз. Тұрақты өлшем батырмасын басу арқылы сіз екі дене салмағын өзгертпей, көлемін бірдей ете аласыз.

3-қадам. Денелер арасындағы қашықтықты арттырыңыз. Тартылыс күшін бақылаңыз.

4-қадам. Денелер арасындағы қашықтықты азайтыңыз. Тартылыс күшін бақылаңыз.

5-қадам. Бірінші дененің массасын өзгертіңіз. Тартылыс күшін бақылаңыз.

6-қадам. Екінші дененің массасын өзгертіңіз. Тартылыс күшін бақылаңыз.

7-қадам. Қорытынды жасаңыз. Денелер арасындағы қашықтықты өзгерткен уақытта және денелердің массасын өзгерткен уақытта тартылыс күші қалай өзгерді?

Қорытынды

Модельдеу барысында сіз екі дененің гравитациялық өзара әрекеттесуін байқадыңыз. Тартылыс күшінің массаға және денелер арасындағы қашықтыққа тәуелділігін көрсетілді.

Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:

  • force on mass 1 by mass 2 — 2 дене масса жағынан 1 дене массасына әсер ететін күші
  • force on mass 2 by mass 1 — 1 дене масса жағынан 2 дене массасына әсер ететін күші
  • mass-масса (салмақ)
  • billion-миллиард
  • force values-күш мәні
  • distance-қашықтық
  • constant size-тұрақты радиус (өлшем)