Толық ішкі шағылу
Bending Light by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Толық ішкі шағылу
8 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Толық ішкі шағылысу пайда болу шарттарын анықтаңыз.
Практикалық бөлім
Виртуалды экспериментті бастау үшін “Intro” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Лазерді қосыңыз. Транспортирді нормаль сызық бойымен орналастырыңыз.

2-қадам. Шағылған сәуленің қарқындылығын өлшеу үшін құралды орналастырыңыз.

3-қадам. Сәуле түскен ортаның сыну көрсеткішін арттырыңыз. Сыну ортасының сыну көрсеткішін бірте-бірте азайтыңыз. Не болып жатыр?

4-қадам. Бір сәтте шағылған сәуленің қарқындылығы 100% болғанына назар аударыңыз. Бұл толық ішкі шағылудеп аталады. Қорытынды жасаңыз.
5-қадам. Түсу бұрышын ұлғайтыңыз. Не болып жатыр? Шағылған сәуленің қарқындылығы әлі де 100%.

6-қадам. Түсу бұрышын азайтыңыз. Не болып жатыр? Белгілі бір сәтте сәуленің бір бөлігі сына бастайды. Бұл орын алатын бұрыш шектік бұрыш деп аталады.

7-қадам. Қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Толық ішкі шағылу үшін екі шарт бар. Біріншіден, түсу ортасы сыну ортасынан тығызырақ болуы керек. Екіншіден, түсу бұрышы шектік бұрыштан үлкен болуы керек. Шектік бұрышты екінші ортаның сыну көрсеткішін бірінші ортаның (түсу ортасы) сыну көрсеткішіне бөліп оның арксинусын есептегенде табуға болады.
Глоссарий
Ray — Сәуле
Wave — Толқын
Normal — Нормаль сызығы
Index of refraction — Сыну көрсеткіші
Air — Ауа
Water — Су
Glass — Шыны
Mystery A — Белгісіз материал А
Mystery B — Белгісіз материал В
Custom — Қолмен орнатылған
Intensity — Қарқындылық
