Тығыздық
Density by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- Тығыздық ұғымы заттың массасы мен көлемімен қалай байланысты екенін сипаттау.
- Заттың массасының немесе көлемінің өзгеруі оның тығыздығына неге әсер етпейтінін түсіндіру.
Виртуалды эксперимент
Виртуалды симуляцияда тығыздықты зерттеу үшін әр түрлі материалдардан жасалған блоктармен, соның ішінде арнайы материалдармен жұмыс жасайсыз. Тығыздық-бұл заттың алатын көлемімен салыстырғанда қаншалықты ауыр немесе жеңіл екенін көрсететін қасиет. Егер заттың тығыздығы жоғары болса, ол ауыр, ал кішкентай болса, жеңіл болады.
Төмендегі суреттерде әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.


Жұмыс барысы:
1-бөлім. Кіріспе. Заттың тығыздығы
Виртуалды симуляцияда үш түрлі бөлім берілген: Кіріспе, салыстыру, жұмбақ. “Кіріспе” бөлімін ашыңыз.
1-қадам. Симуляция қосылған кезде:
- Ағаш материалы берілген.
- Ағаштың салмағы: 2 кг.
- Ағаштың көлемі: 5 л.
- Ағаштың тығыздығы: 0,4 кг/л.
Судың тығыздығы 1 кг/л-ға тең. Ағаштың тығыздығы судан аз болғандықтан оның суға батып кетпей, суға жартылай батып тұрғанын көресіз.
2-қадам. Ағаштың салмағын немесе көлемін өзгертіп көріңіз. Бір-біріне тура пропорционал артатынын және кемитінін байқайсыз.
3-қадам. Судан ағашты шығарыңыз. Судың көлемі 100 л екенін көресіз. Яғни, суда қандай да бір материал тұрғанда контейнердің көлемі зат пен судың көлемінің қосындысына тең болады.
4-қадам. Келесі материал түрін алюминийге ауыстырыңыз. Оның тығыздығы 2,70 кг/л-ға тең. Тығыздығы суға қарағанда көп болғандықтан суға батып кетеді.
5-қадам. Басқа заттарды таңдау арқылы заттың тығыздығын және суға батуын зерттеп көріңіз. (Егер тапсырыс бойынша материал таңдасаңыз, көлемі мен массасы турады деректерді өзіңіз бере аласыз).
6-қадам. Контейнердің оң жақ шетінде орналасқан бір блок салатын батырмадан екі блок салатын батырмаға ауыстырыңыз.
7-қадам. Контейнерге екі зат салыңыз. Бірі — полистирол көбігі (тығыздығы 0,15 кг/л), екіншісі — кірпіш (тығыздығы 2 кг/л). Бұл жерден заттардың тығыздығы әр түрлі болғандықтан суға бату деңгейінің әртүрлі болатынын анық көре аласыз.
8-қадам. Қажет деп тапсаңыз басқа материалдармен таңдай отырып, бірнеше тәжірибе түрін жасасаңыз болады. (Егер тапсырыс бойынша материал таңдасаңыз, көлемі мен массасы турады деректерді өзіңіз бере аласыз).
2-бөлім. Салыстыру
Виртуалды симуляциядан “салыстыру” бөлімін ашыңыз.
9-қадам. Кіріспе бөлімінен салыстыру бөліміне өтіңіз.
10-қадам. Блоктар бөлімінде “салмақтары бірдей” тармағы таңдалған. Демек, сізде берілген материалдардың тығыздығы мен көлемі қандай болса да, салмақтары бірдей (5 кг).
11-қадам. Материалдарды суға салыңыз. Әр материал тығыздығына қарай суға әртүрлі деңгейде батып тұрғанын байқайсыз. Сонымен қатар, денелердің салмағы бірдей болғанда көлемі қаншалықты үлкен болса, тығыздығы соншалықты аз екені туралы тұжырымдама жасауға болады.
12-қадам. Блоктар бөлімінде “көлемдері бірдей” тармағы таңдаңыз. Сізде берілген материалдардың тығыздығы мен салмағы қандай болса да, көлемдері бірдей (5 л).
13-қадам. Материалдарды суға салыңыз. Оларды өзара салыстырыңыз.
14-қадам. Блоктар бөлімінде “тығыздықтары бірдей” тармағы таңдаңыз. Сізде берілген материалдардың көлемі мен салмағы қандай болса да, тығыздықтары бірдей (0,5 кг/л).
15-қадам. Материалдарды суға салыңыз. Оларды өзара салыстырыңыз. Тығыздығын арттыру немесе кеміту арқылы суға бату деңгейіне әсер етіп көріңіз.
16-қадам. Жасаған тәжірибелеріңізді еске түсіріп, қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Виртуалды жұмысты жасау арқылы оқушылар тығыздық ұғымымен танысып, көлем мен салмақтың тығыздықпен байланысын зерттеді.
Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:
- density-тығыздық
- human-адам
- glass-шыны
- titanium-титан
- steel-болат
- copper-мыс
- styrofoam-полистирол көбік
- wood-ағаш
- ice-мұз
- brick-кірпіш
- aluminum-алюминий
- custom-тапсырыс бойынша
- mass-салмақ
- volume-көлем
- compare-салыстыру
- blocks-блоктар
- same mass-салмақтары бірдей
- same volume-көлемдері бірдей
- same density-тығыздықтары бірдей
