Шағылу заңы

Bending Light by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жоба тақырыбы: Шағылу заңы

8 сынып

Жұмыс мақсаты:

Шағылу заңын дәлелдеу.

Практикалық бөлім

video
play-rounded-fill

Виртуалды экспериментті бастау үшін “Intro” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Лазерді қосыңыз. Транспортир алыңыз және оны нормаль сызығымен бірге орналастырыңыз. 

2-қадам. Түскен сәуле мен нормаль арасындағы бұрышты өлшеңіз. Бұл сәуленің түсу бұрышы.

3-қадам. Шағылған сәуле мен нормаль арасындағы бұрышты өлшеңіз. Бұл шағылу бұрышы.

4-қадам. Бұл бұрыштардың бірдей екеніне назар аударыңыз.

5-қадам. Сәуленің түсу бұрышын өзгертіңіз. Шағылу бұрышы өзгере ме?

6-қадам. Түскен сәуленің жағында сыну көрсеткішін арттырыңыз. Шағылу бұрышы өзгере ме?

7-қадам. Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Шағылу заңы сәуленің түсу бұрышы шағылу бұрышына тең екенін айтады.

Глоссарий

Ray — Сәуле

Wave — Толқын

Normal — Нормаль сызығы

Index of refraction — Сыну көрсеткіші

Air — Ауа

Water — Су

Glass — Шыны

Mystery A — Белгісіз материал А

Mystery B — Белгісіз материал В

Custom — Қолмен орнатылған

Intensity — Қарқындылық