Энергия сақталу заңы

Energy Skate Park: Basics by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жоба тақырыбы: Энергия сақталу заңы

7 сынып

Жұмыс мақсаты:

  • Энергия сақталу заңын оқу.

Практикалық бөлім

Виртуалды экспериментті бастау үшін “Intro” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Ұяшықтарды белгілеу арқылы визуализация опцияларын қосыңыз. Баяу қозғалысты қосыңыз.

2-қадам. Скейтерді 6 м биіктікке орналастырыңыз. Скейтер ең жоғары нүктеде болғанда оның жалпы энергиясы оның потенциалдық энергиясына тең болатынына назар аударыңыз.

3-қадам. Скейтер ең төменгі нүктеде болғанда оның жалпы энергиясы кинетикалық энергиясына тең және жылдамдығы максималды болатынына назар аударыңыз.

4-қадам. Скейтер орта нүктеде болғанда оның жалпы энергиясы оның кинетикалық энергиясы мен потенциалдық энергиясының қосындысына тең болатынына назар аударыңыз.

5-қадам. Жалпы энергия бастапқыда орнатылған ең жоғары потенциалдық энергия мәнінен аспайтынына назар аударыңыз.

6-қадам. Скейтер 4 м биіктікке орналастырыңыз. Не болады?

7-қадам. Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Толық энергия – кинетикалық және потенциалдық энергияның қосындысы. Жалпы энергия тұрақты. Энергия еш жерден жоғалмайды немесе пайда болмайды; ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.

Глоссарий

Potential energy — Потенциалдық энергия

Kinetic energy — Кинетикалық энергия

Thermal energy — Жылу энергиясы

Total energy — Толық энергия

Pie chart — Дөңнелек диаграмма 

Bar graph — Гистограмма

Grid — Тор

Speed — Жылдамдық

Mass — Масса 

Slow motion — Баяулатылған қозғалыс

Normal — Қалыпты қозғалыс

Small — Кішкентай

Large — Үлкен