8 сынып. 5 лаб. Сабақ

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей жалғауды зерттеу

Жұмыстың мақсаты

  • Тізбектей жалғау ережелерінің орындалатынын тексеру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Тізбектей жалғанған кезде ток күші тізбектің әр бөлігінде бірдей;
  • Тізбектей жалғанған кезде толық кернеу тізбек бөлігіндегі кернеулердің қосындысына тең. 

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

Тізбектей жалғау кезінде бірінші өткізгіштің ұшына екіншісінің бас жағын жалғайды, екіншісінің ұшына үшіншісінің бас жағын жалғайды және т.с.с. 

Өткізгіштерді тізбектей жалғау ережелері:

Дереккөздер:

  1. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. (2018). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Тәжірибе

Жұмыс барысы:  

1-қадам. 

Фотода көрсетілгендей тізбек құрастырыңыз. Кілтті тұйықтаңыз. Амперметрлердің I1, I2  және вольтметрлердің U, U1, Uкөрсеткіштерін жазып алып, кестеге енгізіңіз. 

2-қадам. Тізбектей жалғау ережелерінің сақталуына көз жеткізіңіз.

3-қадам. Ом заңына сүйініп, резисторлардың кедергілерін есептеңіздер:

Нәтижелерін кестеге енгізіңіз. Алынған R мәнін кедергілер қосындысымен R1 + R2 салыстырыңыз. 

4-қадам. Кернеу мен кедергі арасында мына қатынастың орындалуын тексеріңіздер: 

5-қадам. Есептеулер нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыздар. 

Зерттеу бөлімі

U1, ВU2, ВU, ВI1, АI2, АR1, ОмR2, ОмR, Ом
        

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Өткізгіштерді жалғау тізбектей тәсілін не деп атайды?
  • Тізбектей жалғау кезінде ток күші, кернеу мен кедергі қалай есептеледі?

Қорытынды

Ток күші тізбектей жалғанған бөліктерде бірдей. Ал толық кернеу тізбектей жалғанған өткізгіштердің қосындысына тең.