8 сынып. 7 лаб. Сабақ

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу

Жұмыстың мақсаты

  • Амперметр мен вольтметрді қолдану арқылы шамның қуатын анықтау;
  • Шамдағы ток жұмысын есептеу, жұмсалған электр энергиясының құнын қолданыстағы тариф бойынша анықтау.

Күтілетін нәтижелер:

  • Электр тогының жұмысы мен қуаты ток күшіне мен кернеуіне тура пропорционалды. 

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

Тізбек бөлігіндегі электр тогының жұмысы осы бөліктің ұштарындағы кернеудің, ток күші мен жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең. 

Қуат — бірлік уақытта тізбекте атқарылған ток жұмысына тең физикалық шама. 

Электр энергиясының құны 1 кВт сағ үшін тағайындалған тарифке байланысты, оны мына формула бойынша анықтайды:

мұнда, Cm – электр энергиясының құны,  A – ток жұмысы, T – тағайындалған тариф.

Дереккөздер:

  1. Электр тогының жұмысы мен қуаты. (2018). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Тәжірибе 1. Шам қуатын анықтау. 

Жұмыс барысы:  

1-қадам. 

Фотода көрсетілгендей тізбек құрастырыңыз. Кілтті тұйықтаңыз. Вольтметр мен амперметрдің көрсеткіштерін жазып алып, кестеге енгізіңіз.  

2-қадам. Шамның цоколіндегі ток күші мен кернеудің номиналды мәндерін кестеге жазыңыз. 

3-қадам. Ток күші мен кернеудің номиналды мәндері және тәжірибе нәтижесі бойынша қуаттың мәнін есептеңіздер:

Қорытынды жасаңыз. 

Тәжірибе 2. Электр тогының жұмысы мен жұмсалған энергияның құнын анықтау. 

Жұмыс барысы:  

1-қадам. Ток жұмысын есептеу формуласын пайдаланып, 1 сағат, 1 тәулік және 1 айдағы электр тогының жұмысын ХБЖ бірлігінде есептеңдер. Нәтижесін кестеге енгізіңіз. 

Алынған нәтижені кВт сағ бойынша өрнектеңіздер.

2-қадам. Электр энергиясының құнын қазіргі тариф бойынша есептеңдер:

3-қадам. 40 шамнан тұратын мерекелің тізбектер (гирлянда) бір ай үздіксіз жұмыс істегенде кететін электр энергиясының құнын анықтаңыз. Есептеулерді талдап, қорытынды жасаңыз. 

Зерттеу бөлімі

U, ВI, АP, ВтUн, ВIн, АPн, Вт
      
УақытЖұмыс
А, Дж
Жұмыс
А, кВт сағ
Тариф 
Т, теңге
Құны
Ст., теңге
1 сағат    
1 тәулік    
1 ай    

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Жұмыс ток күшімен байланысы бар ма? Оны қалай өлшеуге болады?
  • Қуат деген не? Қуаттың ток күшімен не кернеумен байланысы бар ма?

Қорытынды

Жұмыс пен қуат ток күшіне және кернеуге тура пропорционалды.