2 Апта

Оқушылар макетті жасап біткен соң

Оқытушы алдыңғы сабақты еске түсіру үшін сұрақ қою қажет

Екінші тәжірибе жұмысы

Кіріспе

Орташа сау адамның жүрек соғу жиілігі минутына 65 – тен 85 соққыға дейін (сан жасына және денсаулығына байланысты), бірақ 90 соққыны жүрек соғысы деп санауға болады. Жоғарыда айтылғандай, спортпен шұғылдану кезінде әрқайсымызда импульс жылдамдайды, бұл дененің сау реакциясы деп саналады, бірақ физикалық жаттығулар кезінде жүрек соғу жиілігінің өзіндік нормалары бар. Оларды анықтау өте қарапайым-220-дан сіздің жасыңызға тең санды алып тастау жеткілікті. Мысалы, отыз жастағы адамда спортпен шұғылдану кезінде импульс минутына 190 соққыға жетуі мүмкін, ал елу жасында – 170.

Нұсқаулық

Оқушылар өздерінің жүрегінің 1 минутта қанша рет соғатынын анықтайды. 

1.  Оң немесе сол қолдың суреттегі секілді білектің тұсын басып тамыр соғысын анықтап аламыз, сонан соң асықпай  сөйлемей тыныш күйде отырып  телефон секундомерін алып 15 секундта жүректің қанша рет соққанын жазып аламыз да сол шыққан санды 4 ке көбейтеміз

Импульсті пальпациялаудың ең жақсы жері радиалды артерияда білек терісінің бірінші қатпарынан төмен орналасқан.

Мысалға:  15 сек. ішінде 18 рет соқса.   18*4=72 

Демек жүрек 1 минутта 72 рет соғады деген сөз

2. Енді 15 отырып тұру (приседания) жасау қажет, сонан бірден жүрек соғысын өлшейміз

3. Отырып тұру (приседания) 15 жасап біткеннен кейін 1 минуттан соң қайта өлшеп кестеге түсру қажет

4. Кестеге айналысатын спорт түрін немесе мүлдем айналыспайтынын жазу қажет

Жүрек соғысының есебін жазатын кесте 

Әр оқушының жүрек соғысын есептеп біткен соң орташа есебін шығару қажет және Бүкіл Қазақстан және әлем бойынша осы оқушылар шамалас балалардың орташа жүрек соғуы есебімен салыстырма жасау қажет

Тәжірибе біткен соң әрбір топ кітаптан болсын интернеттен болсын жүрек және қан тамырларының профилактикасын қалай жасау керек деген зерттеу жұмысын жасайды, яғни әр топ 3 түрлі қайталанбайтын профилактика жолдарын көсретуі тиіс. Мысалы: Майлы тағамдарды аз тұтыну деген сияқты

Әр топ жазып шыққан профилактика жолдарын 3 сабақта қорғайтын презентациясына қосуы қажет 

Макет жасау және тәжірибе толықтай жүргізіліп біткеннен кейін әрбір топ , барлық тәжірибе барысын , microsoft power point бағдарламасына салып монтаждауы қажет 

Презентацияда болуы қажет

1. Негізгі бет

2. Тәжірибе атауы, барысы

3. Тәжірибе қорытындысы

4. Қосымша мәліметтер

5. Қорытынды

Презентацияға қосуға болады: фото, видео, макетті көрсету, тәжірибе барысын көрсету