1 Апта

Мақсаты:

  1. Жүректің қалай жұмыс істейтінін түсіндіретін макетін жасау
  2. Қалай тромб пайда болатынын және оның әсері қандай болатынын бақылау жасау
  3. Оқушылар өздерінің жүрек соғысына бақылау жасау және қалыпты күйде қандай екендігін анықтау
  4. Жүрек және қантамырлар ауруларының алдын алу жолдарын анықтау

Күтілетін нәтижелер

Жобаны жасау барысында:

  • педагогпен, топта, жұпта жұмыс істеу
  •  алынған ақпаратты талдау және талқылау
  • білім беру қызметі процесінде коммуникативтік құзыреттілік қалыптастырылатын болады
  • сауалнама (сауалнама)жүргізуді үйрену
  • сауалнама бойынша алынған деректер негізінде графиктер (диаграммалар және т. б.) құруды үйрену
  • өз бетінше логикалық пайымдау және қорытынды жасау
  • жүректің жұмыс істеу функциясын біледі
  • Жүрек және қантамырларда болатын ауруларды біледі және алдын алу жолдарын біледі

Пән аралық байланыс: 

  • Биология (адам организмі, жүрек және қантамырлар жүйесі)-
  • Химия (тәжірибелік жұмыс, әртүрлі заттардың қанға сіңірілуі)
  • Математика (Жүректің 1 минутта қанша рет соғатынын есептеу және адамның әртүрлі күйдегі жүрек соғысын  есептеу)
  • Көркем еңбек (жүректің жұмыс жасайтын макетін жасау)

Кіріспе

Адамның жүрегі-бұл күшті бұлшықет сорғысы. Күн сайын жүрек қысылып, 100000 рет босаңсып, 7600 литр қан сорады. Өмірдің 70 жылында адамның орташа жүрегі 2,5 миллионнан астам есе азаяды. Жүрек қан айналымы жүйесі арқылы қан сорады. Қанайналым жүйесі-бұл қан ағзаның мүшелері мен тіндеріне енетін серпімді түтіктердің желісі.

Қанайналым жүйесінің құрамына жүрек пен тамырлар кіреді: артериялар, артериолалар, капиллярлар (ең кішкентай тамырлар), венулалар мен тамырлар. Артериялар дененің барлық бөліктеріне оттегіге бай қан өткізеді. Тамырлар көмірқышқыл газы мен ыдырау өнімдерін жүрекке және өкпеге қайтарады. Егер адам денесінің барлық тамырлары біріктіріліп, бір сызыққа созылса, олар 96,5 мың шақырым қашықтықты жабады. Бұл жерді 2 реттен артық ұстап алу үшін жеткілікті болады. Қан барлық мүшелер мен тіндерге, соның ішінде жүректің өзіне оттегі мен қоректік заттарды тасымалдайды. Метаболизм өнімдері тіндерден қанға енеді. Метаболикалық өнімдер бүйрек, бауыр және өкпе арқылы шығарылады.

Ссылки: http://heart-master.com/

Оқытушыға нұсқаулық

Сыныпты 3 топқа бөлу

Сабақтың басында ұсынылады:

– жобаға деген қызығушылықты ояту үшін бірнеше “жетекші сұрақтар” қойыңыз:

  • Адамның жүрегі қай жерде орналасқан?
  • Жүректің қызметі қандай?
  • Адамдарда қан айналым жүйесі нешеу?
  • Дұрыс әрине, Жүректің жұмысын түсіну үшін макетін жасап көрейік

Нұсқаулық

Қадам 1.  Екі дана қақпақты қайшымен тесіп аламыз

Қадам 2.  Система шлангысынан 2 дана 3-4 см ұзындықта кесіп аламыз

Қадам 3. Кішкентай шардың екі данасын аузынан және мойын тұсынан кесіп аламыз

Қадам 4. Кесіп алған система түтікшеге таспамен бекітеміз (скотч)

Қадам 5.  Қақпақтың тесілген жерінен өткіземіз, кесілмеген бөлігі қақпақ сыртынан, қысқа түтікшенің шар бекітілген жағы астынан өтуі қажет

Қадам 6. Система басын кесіп аламыз

Қадам 7.  Өткізген екі түтікшенің барлығы дұрыс тұрғанын текесерген соң, ыстық желіммен бекітеміз

Қадам 8. Кесіп алған система басына қысқа түтікшеге кигізіп оны да желімдейміз

Қадам 9. Паралон допты алып, дәл ортасынан кесіп аламыз, және қақпақты желімдеу үшін сурет бөлігінен сәл кесіп аламыз су жақсы өтіп тұруы үшін

Қадам 10.  Қақпақты алып паралон допқа желімдейміз

Қадам 11. Орташа көлемдегі шарды алып паралон доптың сыртына кигіземіз

Қадам 12.  Паралон доптың екінші бөлігінеде дәл бастапқы  1-11 қадамды қайталап жасап шығамыз

Қадам 13. Кішкене пластик ыдысқа су қүйып оның ішіне қызыл бояғышты құямыз

Қадам 14. Түтікше ұштарын суға салып, допты қысып тексеріп көреміз

Қадам 15.  Жүректің екі бөлігі дайын болған кезде осы суреттегі секілді болуы қажет

Қадам 16. Екі бөлікті біріктіру үшін қызыл түсті жабысқақ таспаны пайдаланамыз (скотч)

Қадам 17.  Толық дайын болғанда жүректің қалай жұмыс жасайтынын тексеріп көреміз