2 апта
Сымдар мен бөлшектерді жалғау.
1-ші қадам.
- Түтікшені екі жағынан 1,5 см қысқартыңыз.
- Түтік пен силикон шлангіні термопластикалық желім қолданып жалғаңыз
- Силикон шлангінің екінші ұшын суасты сорғысына қосыңыз

2-ші қадам.
0,5 л бөтелкенің үстіңгі бөлігін кесіп, термопластикалық желіммен суретте көрсетілген аймаққа жабыстырыңыз.

3-ші қадам.
Суретте көрсетілгендей қорапшасының жоғарғы жағының ортасында 1 см x 1,5 см тесік жасаңыз.

4-ші қадам.
Сорғыны бөтелкеге салып, силикон шлангі мен түтікті төмендегі суретте көрсетілгендей дезинфекциялау құралының жақтауына жабыстырыңыз. Бөлшектерді желімдеу үшін термопластикалық желімді пайдаланыңыз.

5-ші қадам.
Суретте көрсетілген схема арқылы инфрақызыл сенсорды, релені, суасты сорғысын, макет тақтасын және батарея бөлімін жалғаңыз

6-шы қадам.
Қаламмен сұйықтық шығатын жердің жанында екі тесік жасаңыз. ИК сенсорының диодтарын суретте көрсетілгендей жасалған тесіктерге бекітіңіз.

Жиналған схеманы электрлік таспа (изолента) мен термопластикалық желім арқылы дезинфекциялау құралының корпусына орнатыңыз.

7-ші қадам.
Пластикалық ыдыстың түбін кесіп, суретте көрсетілген жерге қойыңыз.

