1 апта
Мақсат
- ағзаға микробтарды жұқтырмаудың алдын алу жолдарын білу
- инженерлік құрылыстарды жоспарлауды және салуды үйрену
- ынтымақтаса жұмыс істеуді, топпен жұмыс жасауды үйрену
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар келесі түсініктерді меңгеруі керек:
- қолды дезинфекциялаудың маңызы
- мұғаліммен және басқа студенттермен ынтымақтастықта қарым-қатынас жасау дағдылары
- дезинфекциялау құралдарының кем дегенде бір түрін жобалау және құрастыру
Кіріспе
Күнделікті өмірде адамдар көптеген жерлерде инфекциямен кездеседі: жұмыста, көлікте, дүкендерде. Көптеген респираторлық вирустар адам ағзасына вирусы бар тамшылармен көз, мұрын немесе тамақ арқылы өтеді. Вирустың бір адамнан екінші адамға таралу жолдарының бірі – қол арқылы [2].

Қолды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы жасалатын қол гигиенасы инфекция мен бактериялардың таралуын болдырмаудың ең жақсы әдістерінің бірі болып табылады [1].
Қолды қалай дұрыс жуу керек?
Қолды жылдам жуу немесе шаю вирустарды толығымен жоя алмайды.
Төменде қол арқылы бактериялардың таралуын болдырмауға көмектесетін қолды жуудың қадамдық мысалы келтірілген:
- Қолыңызды ағын сумен сулаңыз
- Ылғал қолға сабынның жеткілікті мөлшерін жағыңыз.
- Қолдың барлық бетін (қолдың артқы жағын, тырнақ асты мен саусақтардың арасын қоса) 40 — 60 секунд бойы мұқият сабындаңыз.
- Ағынды сумен жақсылап шайыңыз.
- Қолды бір рет қолданылатын майлықпен немесе таза сүлгімен құрғатыңыз [2].

Қолға арналған дезинфекция құралдарын қолдану.
Қолды жуумен қатар, қолды дезинфекциялау құралдарын қолдану көптеген бактериялар мен микробтарды өлтіруде өте тиімді. Кейбір адамдар санаты қолдарының тазалығына көптеген басқа адамдардың өмірі тәуелді. Бұл тіс дәрігерлері, медицина қызметкерлері, аспаздар, косметологтар, тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері және т.б. Қолдарын бактериялардан қорғау үшін олар арнайы жасалған өнімдерді пайдаланады. Мысалы, ауруханаларда инфекцияның алдын алу үшін медицина қызметкерлері қолдарын зарарсыздандыруы керек. Орындалатын медициналық манипуляцияға байланысты әр түрлі антисептиктер қолданылады [3].
Автоматты дезинфекциялау құралдарын қолдану.
Үйде дезинфекциялау құралдары жиі бүріккіш немесе диспенсері бар бөтелкелерде қолданылады. Бірақ қоғамдық орындарда (кинотеатрларда, қоғамдық тамақтандыруда, вокзалдарда және т.б.) немесе өндірісте автоматты дезинфекциялау құралдарын немесе антисептикалық диспенсерлерді пайдалану ыңғайлы. Арнайы автоматты сенсор қолыңызды құрылғыға әкелген кезде дезинфекциялау сұйықтығын мөлшерлейді және таратады. Құрылғыны ұстамағандықтан бактериялар мен вирустарды жұқтыру қаупі жоқ.

Санитайзерлар сандық бақылау жүйесімен жабдықталған. Олардың денесінде қолдың қозғалысына жауап беретін инфрақызыл сенсор орнатылған. Олар үздіксіз қуат көзінен немесе батареялардан қоректенеді [4].
Қолданылған әдебиет.
[1] https://www.mskcc.org/ru/cancer—care/patient—education/hand—hygiene—preventing—infection
[2] https://www.unicef.org/kazakhstan/%D0%9D%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%BA%D0%B8/%D0%B2%D1%81%D0%B5-%D1%87%D1%82%D0%BE-%D0%B2%D0%B0%D0%BC-%D0%BD%D1%83%D0%B6%D0%BD%D0%BE-%D0%B7%D0%BD%D0%B0%D1%82%D1%8C-%D0%BE-%D0%BC%D1%8B%D1%82%D1%8C%D0%B5-%D1%80%D1%83%D0%BA-%D1%87%D1%82%D0%BE%D0%B1%D1%8B-%D0%B7%D0%B0%D1%89%D0%B8%D1%82%D0%B8%D1%82%D1%8C%D1%81%D1%8F-%D0%BE%D1%82-%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81%D0%B0-covid-19
[3] https://niopik.ru/events/publications/231/
Практикалық бөлім
Санитизатордың негізін жасау.
- 50 см х 45 см картон бөлігін алыңыз және оған санитайзер макетін сызыңыз.

Бөлшекті кесіңіз.

- Макеттің шеттерін бүгіңіз және оның бұрыштарын суретте көрсетілгендей жабыстырыңыз.

Келесі бөлшек шығуы керек

- Өлшемі 22 см х 44 см болатын картонды алып, оған өлшемдері келесі суретте көрсетілген екі бірдей бөлікті сызыңыз. Бөлшектерді кесіңіз.


4. Кесілген бөліктерді қорап макетінің үстіңгі және астыңғы жағына суретте көрсетілгендей жабыстырыңыз.

