2 апта

Картоннан макет негізін жасау

 Оқушыларға айтыңыз:

Бұл сабақта сендер инженер болып жұмыс жасайсыңдар. [Инженерлер – техникалық механизмдерді (қозғалтқыштар, машиналар) жасайтын немесе жетілдіретін мамандар]. Сендер егінді суаруға арналған жаңбыр суын жинау жүйесін құру үшін шағын топтарда жұмыс жасайсыңдар.

Оқушыларды 4-5 топқа бөліңіз. Әр топқа бір материалдар жинағын беріңіз.

Ескерту:

Әрі қарай материалда жаңбыр суын жинау жобасын іске асырудың мысалы келтірілген. Сіз оны мысал ретінде пайдалана аласыз. Оқушыларға жобаның дизайны туралы ойлануға және оны жақсарту үшін өз идеяларын қосуға мүмкіндік беріңіз.

1. 50 см х 30 см картон бөлігін алып, оған қораптың макетін сызыңыз. Бөлшекті кесіңіз.

Сізде жоғарыдағы бейнеде көрсетілгендей макеттің асты (негізі) шығуы керек. Термопластикалық желім пайдаланып шеттерін жабыстырыңыз. 

video
play-rounded-fill