4 апта
5. Қоңыр түсті қағаздан көкөніс бақшасының негізін жасаңыз.

Әр 1 сантиметр сайын қағазды бүгіңіз. Келесі пішіндегі бөлшек шығуы керек

Бөлшекті картон негізіне жабыстырыңыз
6. Бақша қоршауының трафаретін жүктеп алыңыз [ сілтеме ]. Трафаретті пайдаланып, түрлі-түсті картоннан көкөніс бақшасының қоршауын кесіңіз. Бөлшектерді желімдеу үшін қағаз желімін пайдаланыңыз.
7. Бақшаға арналған өсімдіктердің үлгілерін жасаңыз. Жасыл түсті картонды пайдаланыңыз. Келесі бейнеде көрсетілгендей өсімдік макеттерін қиып, қағаз желімімен бақшаға жабыстырыңыз.
8. Құбырлардың макеттерін жасаңыз. Шырын сабандары мен жабысқақ таспаны пайдаланыңыз. Бақшаның өлшеміне сәйкес құбырларды кесіңіз.
Көкөніс бақшасына құбырларды екі жақты таспаны пайдаланып жабыстырыңыз.
Қорытынды
Бұл жоба бойынша оқушылар суды үнемдеу жолдарымен танысып, үйдегі суды үнемдеу үшін негізгі есептерді шығыруды үйренді. Оқушылар жаңбыр суын жинайтын жүйенің макетін де құрастырды. Біз оқушыларды жаңбыр суын жинайтын макетін жақсартуды қарастыруға шақырамыз.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Problem based learning (проблемалық-бағдарлы оқыту)– бұл шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе қиындыққа жауап іздеу және жоба бойынша жұмыс істеу арқылы (4-апта бойы) оқушылар білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі.
Жобаны бағалау үшін, бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBLrubrics – сілтеме) беріңіз:
– оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсінді,
– оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алды.

