1 апта
Мақсаты
- Бағалы қағаздармен танысу
- Бағалы қағаздардан түсетін табысты есептеп үйрену
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:
– мұғаліммен жақсы қарым-қатынас жасай алу және топта, жұпта жұмыс істеу
– ақпаратты талдау және жалпылау
– оқуға деген жауапты көзқарас қалыптасады
– білім алу барысында коммуникативтік қабілеттер қалыптастырылатын болады
– өз бетінше логикалық пайымдау және қорытынды жасау
– Microsoft Excel-де жұмыс жасай алу
– пассивті кіріс түрлері туралы түсінік қалыптасады
– бағалы қағаздарды есептей алу
Пәнаралық байланыс:
- Алгебра
- Информатика
Мұғалімге арналған нұсқаулық
- Жобаны бағалау үшін, бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBLrubrics) беріңіз:
- оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсіну үшін,
- оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алу үшін.
- Сабақтың басында ұсынылады:
– жобаға деген қызығушылықты ояту үшін бірнеше “жетекші сұрақтар” қойыңыз:
– бағалы қағаздар деген не?
– бағалы қағаздардың қандай түрлері бар?
– бағалы қағаздардан түсетін табысты есептеуді білесізбе?

Бағалы қағаз – бұл иесінің әртүрлі құқықтарын растайтын құжат. Негізінен, бұл мүліктік міндеттемелерді орындау құқығы – компания пайдасының бір бөлігін алу, қарызға алынған ақшаны қайтару және т.б.
Бағалы қағаздардың түрлері
Бағалы қағаздар бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі. Ең негізгі бөлінуі:
- Үлестік бағалы қағаздар, яғни компания және оның дивидендтер түріндегі кірісі сияқты бір нәрсенің үлесін алу құқығын куәландыратын қағаздар. Сонымен қатар, үлестік қағаздар компанияны басқаруда дауыс беру құқығын береді, бірақ құқық бұл үлестің мөлшеріне сәйкес келеді. Үлестік қағаздарға акциялар, пай жатады.
- Борыштық бағалы қағаздар иесінің белгілі бір мерзімде қарызды өтеу және ол бойынша пайыздарды төлеу құқығын растайды. Іс жүзінде қарыздық бағалы қағазды сатып алу арқылы иесі компанияға өз қаражатын қарызға береді, компания өз кезегінде сол ақшаны қайтарып алуға және пайыздарды үнемі төлеуге міндеттенеді (купондар бар жеңілдік). Мұндай қарыз қағаздары облигациялар немесе вексельдер, қарыз қолхаттары жатады.
Акция
Қор нарығындағы акциялардың кірістілігі екі компоненттің есебінен қалыптасады. Біріншісі – бағалы қағаздың бағамдық құнының өсуі. Екіншісі – дивидендтер. Егер компания жақсы жұмыс істесе, онда оның қаржылық көрсеткіштері артады, дивидендтер көбейеді, нәтижесінде акциялар бағамы да өседі.
Дивидендтер – бұл компания тоқсанына, алты айға немесе жылына бір рет төлейтін пайданың пайызы. Бағалы қағаздың бағамдық айырмашылықтан ақша табу үшін акцияларды арзанырақ сатып алып, қымбатырақ сату керек. Акцияның жалпы кірістілігін есептеу үшін дивидендтер мен сатудан түскен пайданы ескеру қажет.
Акцияның дивидендтік кірістілігін қалай есептеуге болады?
Әдетте, инвесторлар өздерінің әлеуетті кірістерін болжау үшін дивидендтердің кірістілігін тарихи деректерге сүйене отырып есептейді. Бұл дивидендтер сомасының акция құнына қатынасы.
Дивидендтер бойынша кірісті (dividend yield) қарапайым формула арқылы есептеуге болады:
d = D/p*100%
мұндағы D-дивиденд (dividend), ал p – акция бағасы (price).
Бүгін сатып алынған акция бірнеше жылдан кейін бірнеше есе қымбатқа түсуі мүмкін. Немесе бірнеше күннен кейін бірнеше пайызға қымбатқа түсуі мүмкін. Қалай болғанда да, нарықтық бағаның (бағамдық құнның) өсуі инвесторға өз қағаздарын қайта сатудан ақша табуға мүмкіндік береді.
Акция бойынша нарықтық кірістілік (market return) формуласы:
Rm=(p2-p1)/p*100%
мұндағы p2-сату бағасы, p1-сатып алу бағасы.
Неғұрлым объективті көрініс үшін олар жиынтықтағы екі кірісті де ескереді: нарықтық және дивидендтік.
Жиынтық кірісі (summation yield):
Y = D+( p2—p1)
Толық кірістілік (total return) төмендегі формула бойынша есептеледі:
Rt=Y/p1*100%
Дерек көздері:
Как рассчитывать доходность акции с учетом дивидендов и роста курса (alfainvestor.ru)
Как рассчитать доходность акций | Freedom24
Практикалық бөлім
Практикалық бөлімде әр оқушы жеке жұмыс жасайтын болады. Бірінші аптада акцияларға байланысты түрлі есептер шығаратын боласыздар. Есептеулерді бірінші дәптерге қолмен шығарасыздар, сосын компьютерде Microsoft Excel бағдарламасында жасайтын боласыздар.
№1 тапсырма.
Инвестор акцияны 1500 ₸ сатып алды және бір жылдан кейін 2000 ₸ нарықтық құны бойынша сатты. Жарияланған дивиденд жылдық 10% құрады. Акцияның жиынтық кірісі мен акцияның нарықтық және толық кірістілігін пайызбен анықтаңыз.
Қадам 1.
Төмендегі кестеде есептің берілгені және теориялық бөлімде берілген формулаларды қолдану арқылы шешімі көрсетілген. Оқушылар бірінші өз бетімен есептеп шығарып көрсін. Кейін кестедегі дұрыс жауапқа қарап тексереді.
| Берілгені: | Формула: | Шешімі: |
| d =10% p1 =1500 ₸ p2 = 2000 ₸ | 1) d = D/p*100% → D=d*p1 /100% 2) Y = D+( p2-p1) 3) Rm =(p2-p1)/p1*100% 4) Rt = Y/p1* 100% | 1) D = 1500*10% / 100% = 150 ₸ 2) Y=150+(2000-1500)=650 ₸ 3) Rm =(2000 –1500)/1500*100% = 33,33% 4) Rt = Y/p1* 100% =650/1500*100%=43,33%. |
| Жауабы: D =150 ₸, Y =650 ₸, Rm =33,33%, Rt =43,33%. | ||
Қадам 2.
Есепті енді Microsoft Excel-де шығарасыздар. Excel-ді ашып, суреттегідей етіп ақпараттарды енгізіңіз. р1 және р2 “₸” символын қою үшін Главная→ Числовой формат→ Денежный таңдаңыз.

Қадам 3.
D – дивидендті есептеу үшін В5 ұяшығына В3*В2/100% формуласын енгізіңіз. Сізде есептің мәні 150 ₸ тең болу керек.

Қадам 4.
Y – жиынтық кірісін есептеу үшін В6 ұяшығына B5+(B4-B3) формуласын енгізіңіз. Есептің мәні – 650 ₸.

Қадам 5.
Rm – акция бойынша нарықтық кірістілікті есептеу үшін В7 ұяшығына (B4-B3)/B3*100% формуласын енгізіңіз. Есептің мәні – 33,33%.
Ұяшық форматын пайызға өзгерту үшін: Главная→ Числовой формат→ Процентный.

Қадам 6.
Rt – толық кірістілігін есептеу үшін В8 ұяшығына B6/B3*100% формуласын енгізіңіз. Есептің мәні – 43,33%.
Ұяшық форматын пайызға өзгерту үшін: Главная→ Числовой формат→ Процентный.

Қадам 7.
Қолмен есептеген жауабыңыз бен Excel-де есептеген жауапты салыстырыңыз.
Есепті қорытындыласақ, инвестор бір дана акция сатып алу арқылы бір жылда дивиденд арқылы 150 ₸, жиынтық кіріс арқылы 650 ₸ пайда көрді. Акция бойынша нарықтық кірістілік – 33,33%, толық кірістілік – 43,33% тең болды.
№2 тапсырма.
Акция құны сатып алғанда – 2000 ₸, екі жылдан кейін нарықтық құны 3000 ₸ сатылды. Дивидендтік ставкасы бірінші жылы – 20%, екінші жылы – 10% болатын акцияның жиынтық кірісі мен акцияның кірістілігін пайызбен есептеңіз.
Қадам 1.
Оқушылар бірінші өз бетімен есептеп шығарып көрсін. Кейін кестедегі дұрыс жауапқа қарап тексереді.
| Берілгені: | Формула: | Шешімі: |
| d1=20% d2=10% р1=2000 ₸ p2=3000 ₸ Т= 2 жыл | 1) D1=d1*p1 /100% D2=d2*p1 /100% 2) Y = D1+D2+(p2-p1) 3) Rm =(p2-p1)/p1*100% 4) Rt = Y/p1* 100% | 1) 1 жыл: D1=2000*20% / 100% = 400 ₸ 2 жыл: D2=2000*10% / 100% = 200 ₸ 2) Y=400+200+(3000-2000)=1600 ₸ 3) Rm =(3000 –2000)/2000*100% = 50% 4) Rt = Y/p1* 100% =1600/2000*100%=80%. |
| Жауабы: D =400 ₸, Y =1600 ₸, Rm =50%, Rt =80%. | ||
Қадам 2.
Есепті енді Microsoft Excel-де шығарасыздар. Excel-ді ашып, жаңа парақ (Новый лист) қосасыздар. Жаңа параққа суреттегідей етіп ақпараттарды енгізіңіз. р1 және p2 “₸” символын қою үшін Главная→ Числовой формат→ Денежный таңдаңыз.

Қадам 3.
D – дивидендтерді есептеу үшін В7 ұяшығына B2*B4/100% және В8 ұяшығына B3*B4/100% формулаларын енгізіңіз. Сізде есептің мәндері 400 ₸, 200₸ тең болу керек

Қадам 4.
Y – жиынтық кірісін есептеу үшін В9 ұяшығына B7+B8+(B5-B4) формуласын енгізіңіз. Есептің мәні – 1600 ₸.

Қадам 5.
Rm – акция бойынша нарықтық кірістілікті есептеу үшін В10 ұяшығына (B5-B4)/B4*100% формуласын енгізіңіз. Есептің мәні – 50%.
Ұяшық форматын пайызға өзгерту үшін: Главная→ Числовой формат→ Процентный.

Қадам 6.
Rt – толық кірістілігін есептеу үшін В11 ұяшығына B9/B4*100% формуласын енгізіңіз. Есептің мәні – 80%.
Ұяшық форматын пайызға өзгерту үшін: Главная→ Числовой формат→ Процентный.

Қадам 7.
Қолмен есептеген жауабыңыз бен Excel-де есептеген жауапты салыстырыңыз.
Есепті қорытындыласақ, инвестор бір дана акция сатып алу арқылы екі жылда дивиденд арқылы 600 ₸ табыс тапты, демек акцияны ұзақ уақыт ұстау арқылы одан табатын табыс артады. Жиынтық кіріс арқылы 1600 ₸ пайда көрді. Акция бойынша нарықтық кірістілік – 50%, толық кірістілік – 80% тең болды.
№3 тапсырма.
Номиналы 500 ₸ акциялар 600 ₸ бағамен 100 дана сатып алынды. 3 жылдан кейін бір акция үшін 700 теңгеге сатылды. Акциялар бойынша дивидендтер: 1 жылы – 10%, 2 жылы – 15%, 3 жылы – 20% құрады. Алынған кірісті анықтаңыз.
Қадам 1.
Оқушылар бірінші өз бетімен есептеп шығарып көрсін. Кейін кестедегі дұрыс жауапқа қарап тексереді.
| Берілгені: | Формула: | Шешімі: |
| d1=10% d2=15% d3=20% N=500 ₸ р1=600 ₸ p2=700 ₸ pс=100Т= 3 жыл | 1) D1=d1*N*pс /100% D2=d2*N*pс /100% D3=d3*N *pс/100% 2) Y =D1+D2+D3+(p2-р1) 3) Rm =(p2-р1)/р1*100% 4) Rt = Y/(pc*р1)* 100% | 1) 1 жыл: D1=500*100*10% / 100% = 5000 ₸ 2 жыл: D2=500*100*15% / 100% = 7500 ₸ 3 жыл: D3=500*100*20% / 100% = 10000 ₸ 2) Y=5000+7500+10000+(700-600)=32500 ₸ 3) Rm =(700 –600)/600*100% = 16,67% 4) Rt = Y/(100*р1)* 100% =32500/(100*600)*100%=54,17%. |
| Жауабы: D =22500 ₸, Y =32500 ₸, Rm =16,67%, Rt =54,17%. | ||
Қадам 2.
Есепті енді Microsoft Excel-де шығарасыздар. Excel-ді ашып, жаңа парақ (Новый лист) қосасыздар. Жаңа параққа суреттегідей етіп ақпараттарды енгізіңіз.

Қадам 3.
D – дивидендтерді есептеу үшін В10 ұяшығына B2*B5*B8/100%, В11 ұяшығына B3*B5*B8/100% және В12 ұяшығына B4*B5*B8/100% формулаларын енгізіңіз. Сізде дивиденд мәндері 5000 ₸, 7500 ₸, 10000₸ тең болу керек.

Қадам 4.
Y – жиынтық кірісін есептеу үшін В13 ұяшығына B10+B11+B12+B8*(B7-B6) формуласын енгізіңіз. Есептің мәні – 32500 ₸.

Қадам 5.
Rm – акция бойынша нарықтық кірістілікті есептеу үшін В14 ұяшығына (B7-B6)/B6*100% формуласын енгізіңіз. Есептің мәні – 16,67%.

Қадам 6.
Rt – толық кірістілігін есептеу үшін В11 ұяшығына B13/(B8*B6)*100% формуласын енгізіңіз. Есептің мәні – 54,17%.

Қадам 7.
Қолмен есептеген жауабыңыз бен Excel-де есептеген жауапты салыстырыңыз.
Есепті қорытындыласақ, инвестор жүз дана акция сатып алу арқылы және үш жылда жиынтық кіріс арқылы 32500 ₸ құрады. Акция бойынша нарықтық кірістілік – 16,67%, толық кірістілік – 54,17% тең болды.
Акция тақырыбына арналған материалдарды меңгеріп, акция туралы жалпы түсінік қалыптастырдыңыздар. Келесі аптада облигация тақырыбымен танысып, есептер шығаратын боласыздар.
