3 апта

Инвестор бірнеше облигация түріне анализ жасау арқылы өзі үшін ұтымды, тиімді болатын облигация түрлерін таңдайды. Және тек бір дана емес бірнеше данадан сатып алады. 

Практикалық бөлім 

Осы аптада алдыңғы аптада жасаған анализге сүйене отырып, 3 түрлі облигация түсіне анализ жасаңыз. Ол үшін Қазақстан қор биржасы –  KASE.KZ сайтына кіріп, облигациялар бөліміне өтіңіз. Сол бөлімнен 3 облигация түрін таңдап алыңыз. 

Алдыңғы аптада құрған Excel файлды ашып, жаңа парақ қосып, таңдап алынған облигацияларға анализ жасаңыз. 

Жобаларды таныстыру (презентация)

Оқушылар өздерінің дайын жобаларын таныстыруы керек. 

Қорытынды

Бағалы қағаздар – кез-келген нормативтік тауар айналымының сөзсіз атрибуты. Тауар бола отырып, олар несие құралы ретінде де, төлем құралы ретінде де қызмет ете алады. 

Бағалы қағаздар нарығы тұрақты нәрсе емес, ол үнемі қозғалыста, дамуда, бағалы қағаздардың жаңа формалары мен түрлерін шығарады. Сондықтан осы жоба бойынша оқушылар бағалы қағаз ұғымымен танысып, олардан келетін пайданы есептеу арқылы қаржылық сауаттылықтарын арттырды. Ары қарай басқа да бағалы қағаз түрлерімен өз еркімен танысып, білімдерін арттыра алады.

Бағалау

PBL бойынша бағалау критерийлері:

Problem based learning (проблемалық-бағдарлы оқыту) — бұл оқушылардың шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе қоңырауға жауап іздеу және іздеу үшін 3 немесе 4 апта ішінде бір жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі (әрі қарай PBL Rubrics сілтемесіне өтіңіз).