2 апта

Облигация

Облигациялар – бұл бизнесті дамытуға ақша алу үшін мемлекет немесе компаниялар шығаратын қарыздық бағалы қағаздар. Қарапайым сөзбен айтқанда, мұндай активті сатып алушы эмитенттің несие берушісі болады. Облигациялар (ағылшынша “bond” сөзінен — борыштық міндеттеме) белгіленген номиналды құнға ие. Бұл инвестор өтеу мерзімі аяқталған кезде алатын негізгі қарыз сомасы.

Облигация купоны – облигация эмитенті қаражатты пайдаланғаны үшін инвесторға төлейтін номиналдың пайызы. Купон жарты жылдық негізде, жыл сайын, тоқсан сайын немесе ай сайын төленуі мүмкін.

Облигациялардың артықшылықтары:

пайыздарды (купондарды) төлеу арқылы кіріс алу;

облигацияны өтеуге дейін иеленген кезде негізгі инвестицияланған соманы қайтару;

егер сіз облигацияны сатып алғаннан жоғары бағамен қайта сатсаңыз, қосымша пайда.

Облигациялардың кемшіліктері:

акция облигациямен салыстырғанда айтарлықтай және тез қымбаттауы мүмкін, ал облигацияда керісінше.

компаниялар облигациялар бойынша дефолтқа ұшырауы мүмкін.

Облигацияның номиналды құны – бұл облигация өтелгеннен кейін қарыз алушыға төленетін сома.

Номиналды құн ҚР үшін 1000 ₸ болып бекітілген. 

Жеке инвестор брокерлердің қосымшаларында немесе биржалық сайттарда көретін облигацияның нақты нарықтық бағасы номиналдан төмен немесе жоғары болуы мүмкін.

Облигацияның ағымдағы кірістілігі

Бір жылдағы купондық төлемдердің облигацияның ағымдағы бағасына қатынасын көрсетеді.

r=Ct/P*100%

  • Сt – бір жылға купондық төлемдердің қосындысы
  • Р – облигацияның ағымдағы бағасы

Облигациялар бойынша ЖКК есептеу

Сіз облигацияны сатып алғанда, қағаздың өзімен бірге соңғы төлем күнінен бастап жинақталған купонды сатып аласыз. Купон күн сайын толықтырылады. Сондықтан сіз купоннан облигацияны иеленген кезеңге ғана кіріс аласыз. Тұрақты мөлшерлеме бойынша облигациялар бойынша купондардың мөлшері қағаз шығарылған кезде белгілі болады және оның бүкіл айналым кезеңінде өзгеріссіз қалады. Сондықтан мұндай облигациялар бойынша ЖКК есептеу формуласы келесідей:

ЖКК=N*i/100%*D/365

  • N- Номиналды құны, ₸
  • i – купон мөлшерлемесі, % 
  • D= есептеу күні – купонның соңғы төленген күні, күндер. Есептеу күні купон сатып алынған күн, ал купонның соңғы төленген күні купонға байланысты сатып алғанға дейін соңғы төлем жсалған күн. Яғни осы күн арасындағы күндер саны керек.

Купондық кіріс

Купондық кіріс – бұл инвестор алатын купондық төлемдер.

C=P*i/T

  • C – купондық кіріс
  • T – бір жылдың ішіндегі төлемдер саны

Дерек көздері:

Облигации (бонды): что это такое, как работают, как заработать | РБК Инвестиции (rbc.ru)

Максимально доступно объясняем, что такое облигации и как на них заработать (bcs-express.ru)

Практикалық бөлім

Қадам 1.

Интернет арқылы Қазақстан қор биржасы –  KASE.KZ сайтына кіріңіз. Мәзірден “корпоротивтік облигациялар” таңдаңыз. Сайт арқылы облигациялар туралы деректерді алып, анализ жасайтын боласыздар. 

Қадам 2. 

Барлық қаржы құралдары” бөліміне өтіп, облигация түрін таңдап, бірнеше облигацияларға шолу жасаңыз. Шолу барысында: купонның жылдық мөлшерлемесіне, айналыста болу кезеңіне, өтелуіне дейін күндер санына және бағасына қараңыздар. 

Қадам 3.

Облигациялар арасынан бір  облигацияны таңдап алыңыз. Келесі қадамдарда сол облигацияны зерттеп, табысын есептейтін боласыздар.

Қадам 4.

Microsoft Excel бағдарламасында жаңа файл құрыңыз. Оған суретте көрсетілгендей етіп кесте құрыңыз.

Қадам 5.

Кестеге таңдап алған облигацияға байланысты деректерді толтырыңыз.

Суреттегі ақпарат үлгі ретінде көрсетілген.

Қадам 6.

Кестенің жанына суретте көрсетілгендей келесі кестені құрыңыз.

Қадам 7.

“Бағалы қағаздың сипаттамалары” бөліне өтіп, “Купондық төлемдер кестесінен” графикті қараңыздар. Сол жердегі “Төлемдер басталған күндерді” кестеге суреттегідей толтырып шығыңыз. Күндерді толтырғанда ескеру керек жайт сіз облигацияны сатып алған күннен бастап есептейсіз. Күндер ұяшық сандары сіздің алатын купондық төлемдер санына байланысты болады. Ол жылына бір рет, жарты жылда бір рет немесе кварталда бір рет төленіп отыруы мүмкін.

Қадам 8.

Cатып алынған бағасына нарықтық құнын “-” таңбасымен енгізесіз. Себебі сіз оны сатып алғандықтан сізден шығын шықты. 

Облигацияның  соңғы төлем жасайтын күніне 1000 ₸ номинал құнын енгізіңіз. Себебі соңғы күні сізге номинал суммасы қайтарылады. 

“Барлығы” ұяшығына номинал сома мен сатып алынған баға сомасын қосыңыз.

Қадам 9.

Жинақталған купондық кіріс (ЖКК) есептеңіз. Ол үшін теориялық бөлімде берілген формуланы пайдаланасыз. 

Бұл сомада сізде “-” таңбасымен болады. Себебі сіз сатып алғанға дейінгі купондық төлемді бұрынғы облигация иесіне қайтарасыз, бұл да сізден шығатын шығын.

Қадам 10.

“ЖКК” ұяшығы мен “барлығы” ұяшығының қиылысына ЖКК сомасын енгізіңіз. 

“Сатып алынған күн” ұяшығы мен шығын ұяшығының қиылысына Сатып алынған күн сомасы мен  ЖКК сомасының қосындысын енгізіңіз.

Қадам 11.

Купондық төлемдерді есептеңіз. C=P*i/T — осы формула арқылы есептеледі. Т — менің есебімде 4-ке тең, себебі мендегі облигация бойынша әр квартал сайын купондық төлем жасалады. 

Суретте көрсетілгендей сатып алған баға мен купондық жылдық мөлшерлемені F4 батырмасы арқылы бекітеміз.

Сосын басқа купон төленетін күндер үшін осы формуланы көшіреміз.

Қадам 12.

“Барлығы” ұяшығы мен “купон” ұяшығы қиылысына барлық купондар қосындысын есептеңіз.

Қадам 13.

Кірісті есептеу үшін: “купондық төлем + ЖКК + сатып алынған баға — номинал құны”. 

Яғни бұл сіздің облигация арқылы табатын табысыңыз. 

Қадам 14.

Облигацияның ағымдағы кірістілігін есептеңіз. Ол үшін бір жыл ішіндегі төленетін купондар қосындысын сатып алынған бағаға бөліп, 100% көбейтесіз. Және сіздің облигация берілген жылдар саны үшін есептеп шығасыз. 

Менде облигация 2 жыл үшін, сондықтан екі рет облигацияның ағымдағы кірістілігін есептеймін.

Қадам 15.

Сіз облигация арқылы табыс тауып отырғандықтан, мемлекетке салық төлейсіз. Купондық салық мөлшері купоннан түскен табыстың 13% құрайды. Купон салығын есептеу үшін әр купоннан түскен табысты 13% көбейтесіз және 100% бөлесіз. Солай әр купондық төлем жасалған күндер үшін салық мөлшерін есептеп шығасыз.

Әр купон салығын есептеп болған соң, олардың қосындысын барлығы ұяшыығына есептеңіз.

Қадам 16.

Салықтарды шегергендегі табысты есептеңіз. Ол үшін купондардар түскен табыс сомасынан жалпы купон сомасын азайтасыз. 

Осы сома сіздің облигация сатып алу арқылы табатын таза табысыңыз болып есептеледі.

Осымен  бір дана облигация сатып алу арқылы алатын купондық төлемдерді, салықты және таза табысты есептеп шықтыңыз. 

Қадам 17. Осы облигациядан 10 дана және 50 дана сатып алғанда түсетін пайданы есептеңіз. Ол үшін барлығы бағанындағы сомаларды 10 дана бағаны үшін 10-ға, 50 дана бағаны үшін 50-ге көбейтіңіз. 

Облигация тек бір дана емес, бірнеше данадан сатып алынады. Облигацияны неғұрлым көп сатып алған сайын табыста артатынын байқауға болады.