3-сабақ
Феррис дөңгелегі қозғалғанда қандай сақтық шараларын сақтау керек?
Өз кезегін күтіп, адамдар шектеулі сызықты кесіп өтпестен қауіпсіз қашықтықта тұруы керек. Феррис дөңгелегінің қозғалыс жылдамдығы дөңгелектің өлшемдеріне сәйкес реттелуі тиіс. Дөңгелектің қозғалысы кезінде барлық жолаушылар белдіктерін байлап немесе қауіпсіздік рамаларын түсіріп отыруы керек.
Жұмыстың практикалық бөлігі
1 қадам. 45×37 өлшемді картоннан дөңгелек тұратын негіз жасаймыз. Ағаш таяқшалардың көмегімен тірек жасаймыз,ол үшін алдымен ағаш таяқшалардың төбесін резинкамен байлаймыз. Негізге ыстық желім көмегімен тіректерді бекітеміз. Екі тіректің арақашықтығы 21 см болуы қажет


2 қадам . Дөңгелекті тірекпен бірге біріктіру үшін, резинкамен байлаймыз

Енді біз дөңгелектің қалай айналатынын және жарықдиоды мен моторды бір көзге қалай қосуға болатындығын қарастырамыз
Қадам 3. Редукторы бар қозғалтқышты алыңыз, оны тексеріңіз, содан кейін қозғалтқыштың контактілерін батарея бөліміне қосыңыз

Бірдей мөлшердегі 2 қақпақты алыңыз да, бір қақпақта ағаш таяқшаның диаметріне сәйкес тесік жасаңыз, ал екіншісінде ортасында мотор білігінің өлшеміне сәйкес тесік жасаңыз – қақпақ білікпен айналады (еркін айналуы керек)

4 қадам. Содан кейін ыстық желімді пайдаланып моторды бөтелке қақпағына бекітіңіз. 1) Пластикалық екі стакан алыңыз және оны мотормен қақпаққа бекіту үшін түбін кесіңіз. 2) Пластикалық стакан түбін екі жағынан да екінші қақпаққа бекітіңіз


5 қадам. Енді оларды алдын-ала дайындалған резинамен қосыңыз (ұштарын жалғаңыз)

6 қадам. Дөңгелегімізді айналдыру және жарық диодтарын жағу үшін біз оларды бір батареяға қосамыз. Бұл үшін:
1) біз ұзын сымды аламыз, оны жарық диодтары қосылған сыммен байланыстырамыз

2) Дөңгелектің айналасында ұзын сым тартамыз, сыммен суретте көрсетілгендей қосамыз

3) Қалған сымдар да суреттегідей қосылады (жарықдиодты сымның екі ұшын бір-біріне қосуға болмайды)


Кедергі келтіретін сымдарды изолентамен бекітуге болады.
7 қадам. Феррис дөңгелегі дайын


Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту)-бұл оқушылардың 3 немесе 4 апта ішінде бір жобада жұмыс жасау арқылы шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе сұраққа жауап табу және іздеу үшін білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі (әрі қарай PBL Rubrics сілтемесіне өтіңіз).

