2-сабақ

Практикалық жұмыс

Екінші аптада сіз жинақ сандықшасын безендіресіз.

Қадам 1. Жинақ сандықшасының толығымен құрғақ және сынықтары жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Егер зақым болса, онда сіз жылы су мен саздың көмегімен сынықтар мен зақымдарды жоюға болады (міндетті емес). Бірақ содан кейін саз толығымен кебуі керек.

Қадам 2. Ермексаздың көмегімен керегеге (корпус) шаңырақты (шатыр) қосыңыз. Арасында тесік қалмау керек. Тесік қалса тағы да ермексазбен өңдеңіз. 

Қадам 3. Әрі қарай, гуашь пен қылқаламды пайдаланып, тостағанды бояңыз. Ұлттық стильде дизайн ойлап табыңыз (Елтаңба, Ту, ою-өрнек және т. б.)

Қадам 4. Жобаны таныстыру.

– Әр оқушы өз бұйымын таныстырады.
– Қолдану салаларын сипаттайды, атайды.
– Дизайнды және онда не бейнеленгенін көрсетеді.

Қорытынды

Осылайша, осы жобада студенттер пайдалы қазбаларды игеріп, қасиеттерін зерттеді. Сазбалшықтың көмегімен бұйымды жасап, сынып алдында таныстырды.

Бұл жобада әр оқушы үш санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:

– Сіз өзіңіз пайдалы қазбалардың үлгілерін зерттедіңіз! Құттықтаймыз, сіз – нағыз ғалымсыз!
– Сіз өз бетіңізше саздан бұйым жасадыңыз. Бұл өз кезегінде технологиялық процесс. Құттықтаймыз, Сіз – жас инженер-технологсыз!
– Сіз өз бетіңізше дизайн ойлап таптыңыз, креативтілік таныттыңыз және бұл керемет! Құттықтаймыз, енді сіз суретші-иллюстраторсыз!

Бағалау

Пайдалы ресурстар:
1. https://ru.freepik.com/home