Бұл жобада оқушылар пайдалы қазбалар жайлы және олардың қолдану аймағымен танысады. Сондай-ақ, эксперимент барысында, пайдалы қазбалардың кейбір қасиеттерін өздігінен анықтайды. Сазбалшықты қолдана отырып, қазақтың ұлттық элементерімен, қазақ үй пішінді “жинақ сандықшасын” жасайды.
| Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| 3.4 Табиғи ресурстар | 4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әк, саз, мұнай, гранит, көмір)қолданылу саласын анықтау 4.3.4.2 картада Қазақстанның негізгі пайдалы қазбаларының кен орындарын көрсету 4.3.4.3 пайдалы қазбаларды сақтау және ұқыпты пайдалану жолдарын ұсыну |
