2-сабақ

Екінші аптада сіз термоқорап & Lunch-box құрастыруды жалғастыра бересіз 

Практикалық бөлім

Қадам 1. Ені 5 см болатын 4 жолақты кесіңіз.

Қадам 2. Содан кейін қораптың шетіне қағаз желімді қолдана отырып желімдеңіз.

Қадам 3. Басқа түсті фетрді алыңыз. Және сіз ойлап тапқан суретті салыңыз:

– ұлттық өрнектер
– көкөністер
– жемістер және т. б.
Термоқораптың сыртқы бетіне желімдеңіз.

Қадам 4. Алюминий пішінін салыңыз.

Құттықтаймыз, сіздің термоқорабыңыз&Lunch-box дайын!

Зерттеу бөлімі

Сіз 0,25 л шыны бөтелке мен 0,5 л пластик бөтелке әкелдіңіз. (бүкіл сыныпқа бір) 
Біз термос жасаймыз.

Термос жасау үшін мына сілтемені қараңызТЕРМОС

1. Ыстық суды краннан немесе шәйнектен 2 контейнерге құйыңыз:
– дайын термосқа-термостың қақпағын жабуды ұмытпаңыз
– кружкаға немесе бөтелкеге
Абай болыңыз немесе мұғалімнің көмегіне жүгініңіз!
2. Термометр арқылы температураны өлшеңіз. 
3. Уақытты белгілеңіз. Температураны әр 10 минут сайын бір сағат бойы өлшеңіз.
4. Кестені сызыңыз және алынған мәліметтерді кестеге жазыңыз.

ТермосКружка немесе қарапайым бөтелке
УақытТемператураУақытТемпература

5. Қорытынды жасап, мұғаліммен бірге талқылаңыз.

Қорытынды

Осылайша, оқушылар өздерінің термоқорабын & Lunch-box жасады және термостың жылу өткізгіштігін зерттеді.

Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз өзіңіз термоқорап & Lunch-box пен термосты зерттедіңіз, атап айтқанда фольганың, киіздің жылу өткізгіштігін , сіз нағыз – зерттеуші-ғалымсыз!
– Сіз өзіңіз термоқорап & Lunch-box  жасадыңыз. Бұл өз кезегінде технологиялық процесс. Құттықтаймыз, Сіз – жас инженер-технолог!