1-сабақ
Жоба мақсаты
— Электрэнергия шығынын азайту мақсатында автоматты жарықтандыру жүйесін құрастыру;
— Ақылды үйдің бөлігі болатын гараждың қашықтан барсқарылатын ақылды қақпасын жасау.
Пәнаралық байланыс
Көркем еңбек (қақпаның механизмін, гараждың моделін жасауда);
Информатика (Ардуинода жұмыс кезінде);
Физика (жарықтандыруды жасау кезінде).
Мұғалімге нұсқаулық
Сабақты бастар алдын оқушыларға ақылды үй, ақылды гараж туралы сұрақтыр қойыңыз, ойларын біліңіз. Мысалы;
— Ақылды гараж дегеніміз не?
— Ақылды гараж жүйесінде қандай технологиялар қолдануға болады?
— Ақылды гаражға байланысты оқушылар қандай ұсыныстар бере алады?
— Бұдан алдын ақылды гараж жүйесін көрдіңдер ма?
— 4-5 оқушыдан топтарға бөлінуге болады.
Кіріспе

Ақылды үй — адамның қатысуынсыз белгілі бір қызметтерді атқара алатын үй жабдықтарының жүйесі. Бұл өте икемді жүйе, оны пайдаланушы өз қажеттіліктеріне қарай әзірлейді және реттейді. Әр үйдің иесі қандай құрылғыларды орнатуды және қандай қызметтерді орнататынын өзі шешеді.

Қазіргі кезде ақылды гараж жүйесі өте танымал болып келе жатыр. Өйткені бұндай жүйе тұтынылатын ресурстардың шығындарын азайта отырып, жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге көмектеседі. Осындай жүйені орнату арқылы, біз осы жобада қарастыратын жарықтандыру және қауіпсіздік сияқты, ішкі жүйелердің жұмысын бақылау қажеттілігінен босаймыз.
Жарық көздерін басқару қозғалыс сенсорлары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жарықтандыру адам бөлмеге кірген кезде жарықты автоматты түрде қосуды және шыққан кезде өшіруді қамтиды. Сол арқылы электр қуатын үнемдеуге көмектеседі.
Ал қашықтан басқару пультімен жұмыс істейтін қақпалар гаражға ыңғайлы кіруді қамтамасыз етеді және бөтен адамдарға кіруді шектейді.

Гараждың макетін жасауды бастайық. Импровизацияланған құралдардан гараж жасаңыз. Сіздер картон, ағаш, 3D принтер, қораптар және т.б. пайдалана аласыз. Қақпаның ашылу механизмін ойлап табыңыз. Қадамдық қозғалтқыштың жұмыс принципін негізге алыңыз және қақпаны қалай оңай ашуға және жабуға болатындығы туралы ойланыңыз. Төменде біз мысал ретінде қалай жасауға болатынын келтірдік. Келесі сабақта әр топ дайын гараждың макетін алып, өз жұмыстарын ұсынуы керек, яғни топтар неге дәл осындай дизайн жасады, қақпаның ашылу механизмі қалай жұмыс істейтіндігі жайында айтады.
Гаража макетінің мысалы. Видеоны қараңыз.
Бізге картон қағаздар, қайшы, сызғыш, қарындаш, түтік, тығыз арқан, желім қажет. Біз картон қағаздарынан гараж жасаймыз. Өлшемдер суреттерде көрсетілген. Бөліктерді нұсқауларға сәйкес қосыңыз.
- Бұл гараждың бүйір қабырғасы. Біз тек бір бүйір қабырғасын жасаймыз, өйткені бізге гараждың ішін көріп отыру керек.

- Граждың еденінің өлшемдері.

- Артқы қабырғасы. Видеодағыдай гараждың қабырғаларын құрастырамыз.

- Шатырға керек картонның өлшемдері. Бұндайдан бізге екеу керек.

- Қақпа болатын гараждың алдыңғы қабырғасы. Қақпаға орын қалдырып кесеміз.

- Бұл қақпа рельстерінің бөліктері. Видеодағыдай кесіп желімдеңіз.

7. Енді қақпаның өзін жасаймыз. Түтіктерді картон қағазға жабыстырамыз, жоғарғы жағына жіп байлап, рельстерге қойыңыз. Біз түтіктерді рельстерде жүретін дөңгелектер ретінде қолданамыз.


Бұл қалай жұмыс істейді? Келесі сабақтарда біз схеманы жинап, Ардуиноға скетч жазамыз. Арқанды тартып, қақпаны ашатын айналмалы білігі бар қозғалтқыш болады.
Біздің гараждың макеті дайын. Келесі сабақтарда біз гаражға ақылды жүйе жасаймыз және оларды макетке орналастырамыз
