3-сабақ

Статистика

Бұл сабақта біз өткен сабақта жиналған деректерді талдаймыз. Мұнда алдыңғы сабақта ұсынған жауаптары бар мысал көрсетіледі. Ал, сіз үй тапсырмасы бойынша жиналған деректерді пайдаланыңыз.

Сауалнама нәтижелерін, қажет болса, кестеге енгізіңіз. Солай Сізге ыңғайлы және түсінікті болады. Енді біз сұрақтар бойынша диаграммалар жасаймыз. Диаграмманы құру үшін интернет желісіндегі арнайы сайттар қолданылды. Сіз сабақта пайызды пропорция бойынша есептеп, диаграмманы қолмен жасай аласыз, ал үйде презентациялар үшін арнайы бағдарламаларды қолдана аласыз. Біздің басты мақсатымыз — қанша адамның көру қабілеті нашар екенін білу. Оны анықтау үшін бізде сұрақ болды:

— Көздеріңіз жақсы көреді ме? 16 оқушы «жоқ» деп жауап берді және 7 оқушы «иә»деп жауап берді.

Жауапты дөңгелек диаграмма түрінде көрсетеміз.

Мұнда сұралған адамдардың 78,3%-ынды  көз өткірлігіне шағымдары бар екенін көреміз. Сыныптың төрттен бір бөлігі нашар көретінін айтып отыр, демек нәтижеге сүйене отырып, көздің денсаулығына байланысты проблеманың бар және оны шешу қажет деп айтуға болады. Әрине, бұл жай ғана мысал және мұнда сұхбат алушылар өте аз, бірақ сіздер жинаған деректеріңіз нақтырақ жағдайды көрсете алады.

Енді сұралғандардың каншасы дәрігерге тексерілгенін және нақты диагнозды білетінін көрейік. Ол үшін біз сақина диаграммасын қолданамыз. Бұл да дөңгелек диаграмма сияқты жауаптарды бөліктерге бөлу үшін қолданған ыңғайлы.

— Көз дәрігеріне тексерілдіңіз бе?

Диаграммадын оқушылардың көбі өз денсаулығына саналы және жауапкершілікпен қарайтындығын және дәрігерге уақытында тексерілетінін көруге болады. Сіздер қандай мәндер алдыңыздар?

Респонденттерден диоптерияның қандай көрсеткіштері басым екенін біліп көрейік. Ол үшін біз гистограмманы қолданайық. Гистограмма шамаларды салыстырып көрсету үшін ыңғайлы.

— Тексерілген болсаңыз диоптрий көрсеткіші қандай?

Мұнда біз көптеген адамдарда «-1» көрсеткіші бар екенін көреміз. Ең аз адамдар «-3» көрсеткішпен және әлі білмейтіндер екен.

Енді адамдар арасында қандай түзету әдістері танымал екенін білейік. Жауаптарды салыстыру үшін біз көлденең гистограмманы қолданамыз.

— Көзілдірік тағасыз ба? (кестедегі мәліметтер бойынша 11 адам көзілдірік тағады)
— Контактілі линзаларды тағасыз ба? (4 оқушы линза тағады)
— Көзіңізге көруді түзету операциясын жасадыңыз ба? (бір адамға операция жасаған)

Гистограммадан респонденттердің арасында көру өткірлігін түзету әдісі ретінде көзілдірік ең танымал екендігі бірден байқалады.
Ал мұнда біз көзілдірікті ұлдар көбірек таңдағанын көреміз, ал қыздар линзаларды артық көретінін көруге болады.

Енді көру өткірлігінің жасқа байланысты ма екенін біліп көрейік. Ол үшін сызықтық диаграмманы қолдануға болады.

— Жасыңызды көрсетіңіз?
— Көзіңіз жақсы көреді ме?

Графиктен біз 12 жастағы 5 оқушының шағымдары бар екенін көреміз, 13 жастағы 8 оқушы жақсы көрмейді және 14 жастағы 5 оқушы онша көрмейді екен. Бізде деректер өте аз, сондықтан біз ештеңе айта алмаймыз. Бір сыныптағы оқушылар шамамен бір жаста. Ал, сіздер сұралғандырды жасына немесе сыныптарына қарай бөліп тесере аласыз.

Бұл графиктерді қалай жасауға болатындығы туралы мысалдар болды, ары қарай сіз тәуелділік, салыстыру, бөлуге байланысты және т. б. диаграммаларды жасай аласыз.

Нәтижелері

Осылайша, біз қоғамда көру өткірлігі проблемасы бар екенін анық көреміз. Бұған қазіргі экологиялық жағдай, компьютерде, смартфонда ұзақ жұмыс істеу, дұрыс емес жарықтанумен оқу және басқа да факторлар ықпал етуі мүмкін.

Мәселені шешу жолдары

Қандай шешімдерді ұсынуға болатынын ойлайық. Топтық ой талқылау жасап, ойланыңыз және өз нұсқаларыңызды ұсыныңыздар.

Қазіргі уақытта көруді жақсартудың бірнеше негізгі әдістері бар:

  1. Көзілдіріктің көмегімен көруді түзету;
  2. Контактілі линзалардың көмегімен көруді түзету;
  3. Операциялық әдістер (хирургиялық араласу).

Үй тапсырмасы

Әр команда сауалнамалардан алынған мәліметтермен, құрастырған гафиктермен толық презентация дайындауы керек. Алынған статистикаға сүйене отырып, өз тұжырымдарын жасауы керек. Үш команда көруді жақсартудың үш негізгі әдісінің бірін алады және оны зерттеп шығады. Командалар өзінің әдісінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін айтуы керек.

Егер оқушылар толық зерттеу жүргізіп, келесі сұрақтарға жауап беруге тырысса жақсы болады:
— Сіздің әдісіңіз қандай адамдарға жақсырақ шешім болып келеді?
— Шешімді ұсынатын жергілікті нарықта қандай ұсыныс бар?
— Олардың шамамен құны қандай?
— Олар туралы пікірлер бар ма?
— Науқастарға жақсы компания ұсына аласыз ба?