2-сабақ

Сауалнама

Сауалнама жасап, сыныптың қай бөлігінде көру ақаулары бар екенін білейік. Сауалнама жасауға арналған бірнеше кеңестер бар:
— Сауалнаманың мақсаттарын анықтаңыз, яғни сіз сауалнаманың арқасында не алғыңыз келетінін анықтауыңыз керек. Мақсатына байланысты сауалнамалардың сұрақтары негізгі мақсатқа сәйкес келуі керек;
— Мүмкіндігінше шынайы жауаптарға қандай сұрақтар, тұжырымдар немесе әдістер арқылы қол жеткізуге болатындығын қарастырыңыз;
— Командамен бірге қай сауалнама әдісі сізге ыңғайлы екенін шешіңіз. Оны онлайн сауалнамалар немесе офлайн формат арқылы жүргізуге болады. Әр әдістің оң және теріс жақтары бар;
— Соңында сауалнама нәтижелерін талдау қажет. Әр түрлі формадағы нәтижелерді бір дерекқорға қосыңыз. Excel бағдарламасын жинау және талдау құралы ретінде пайдалануға болады. Мұнда сіз формулаларды қолдана аласыз, кестелер мен графиктер, гистограммалар жасай аласыз. Диаграммаларды қолдана отырып статистика жасауды, графиктер құруды біз келесі аптада үйренеміз.

Төменде біз сауалнама жүргізудің мысалы ретінде сұрақтар қойдық. Сауалнаманың мақсаты — сыныптың қай бөлігінде көру проблемалары бар екенін білу. Сыныптың қай бөлігі тексерілуге барды және көру проблемаларын шешуге не көмектескендігін білу. Сондай-ақ, көру өткірлігінің адам жасына байланысын білу.

Жынысыңызды көрсетіңіз. Ер. Әйел.
Жасыңызды көрсетіңіз?  
Көзіңіз жақсы көреді ме?Иә. Жоқ.
Көз дәрігеріне тексерілдіңіз бе?Иә.Жоқ.
Тексерілген болсаңыз диоптрий көрсеткіші қандай?  
Көзілдірік тағасыз ба? Иә. Жоқ.
Контактілі линзаларды тағасыз ба? Иә. Жоқ. 
Көзіңізге көруді түзету операциясын жасадыңыз ба? Иә. Жоқ.

Сауалнама нәтижесінде бір сыныптағы 23 оқушының ішінен:
— олардың тек 5-еуі жақсы көреді;
— олардың біреуі көруді түзету үшін операция жасады;
— 3 оқушы нашар көреді, бірақ бұрын дәрігерде тексерілмеген.

Қалған 15 оқушының:
— 5 адам «-1» көрсеткішпен көзілдірік тағады, 2 адам «-1″көрсеткішпен линза тағады;
— 3 оқушы «-2» көзілдірік, 2 адам «-2» линза тағады;
— 3 адам «-3» көрсеткішті көзілдірік тағады делік.

Кесте түрінде ыңғайлырақ болады

Жынысыңызды көрсетіңіз.Жасыңызды көрсетіңіз?Көзіңіз жақсы көреді ме?Көз дәрігеріне тексерілдіңіз бе?Тексерілген болсаңыз диоптрий көрсеткіші қандай?Көзілдірік тағасыз ба? Контактілі линзаларды тағасыз ба? Көзіңізге көруді түзету операциясын жасадыңыз ба? 
1Ер12 жасИә.Иә.0Жоқ.Жоқ.Жоқ.
2Әйел12 жасИә.Жоқ.0Жоқ.Жоқ.Жоқ.
3Әйел13 жасИә.Жоқ.0Жоқ.Жоқ.Иә.
4Әйел14 жасИә.Жоқ.0Жоқ.Жоқ.Жоқ.
5Ер14 жасИә.Жоқ.0Жоқ.Жоқ.Жоқ.
6Әйел13 жасНет.Жоқ.білмеймінЖоқ.Жоқ.Жоқ.
7Ер12 жасНет.Жоқ.білмеймінЖоқ.Жоқ.Жоқ.
8Ер13 жасНет.Жоқ.білмеймінЖоқ.Жоқ.Жоқ.
9Әйел12 жасНет.Иә.-1Иә.Жоқ.Жоқ.
10Ер14 жасНет.Иә.-1Иә.Жоқ.Жоқ.
11Әйел13 жасНет.Иә.-1Иә.Жоқ.Жоқ.
12Ер14 жасНет.Иә.-1Иә.Жоқ.Жоқ.
16Ер13 жасНет.Иә.-1Иә.Жоқ.Жоқ.
14Ер12 жасНет.Иә.-1Жоқ.Иә.Жоқ.
15Әйел12 жасНет.Иә.-1Жоқ.Иә.Жоқ.
16Ер13 жасНет.Иә.-2Иә.Жоқ.Жоқ.
17Ер13 жасНет.Иә.-2Иә.Жоқ.Жоқ.
18Әйел14 жасНет.Иә.-2Иә.Жоқ.Жоқ.
19Әйел13 жасНет.Иә.-2Жоқ.Иә.Жоқ.
20Әйел12 жасНет.Иә.-2Жоқ.Иә.Жоқ.
21Әйел14 жасНет.Иә.-3Иә.Жоқ.Жоқ.
22Ер14 жасНет.Иә.-3Иә.Жоқ.Жоқ.
23Ер13 жасНет.Иә.-3Иә.Жоқ.Жоқ.

Сауалнамадан диаграммаларсыз да, көп жағдайда көру өткірлігінде проблемалар бар екенін көруге болады. Сондай-ақ, көру өткірлігі жынысына байланысты емес деп болжауға болады, өйткені олардың саны шамамен бірдей. Оқушылардың жасы бірдей сондықтан көру өткірлігі жасқа тікелей байланысты деп айта алмаймыз, ол үшін бізге көбірек мәліметтер қажет.

Келесі аптада нәтижелерге сүйене отырып, біз графиктер құруды үйренеміз және проблеманың бар-жоғын анықтаймыз. Егер көру өткірлігі проблемасы бар екендігіне көзіміз жетсе, оның шешімдерін ұсынуға тырысамыз.

Үй тапсырмасы

Келесі сабаққа дейін әр топ бүкіл мектепте сауалнама жүргізуі керек. Жоғарыдағы кеңестерді қолданыңыз және егжей-тегжейлі сауалнама жасаңыз. Сауалнама әдісін таңдап, керекті сұрақтарды құрастырып, мәліметтер жинаңыз. Есіңізде болсын, қаншалықты көбірек адам сұрасаңыз, нәтиже дәлірек болады, ал бұл үшін ұйымдасқан топтық жұмыс қажет.