4-сабақ
Презентация
Бұл сабақта әр топ презентация жасайды.
— Әр команда сауалнама нәтижелерін графиктер, диаграммалар түрінде бөлісіп, алынған мәліметтер негізінде қорытынды шығаруы керек.
— Әр команда көру өткірлігі мәселелерінің шешімдерінің бірін ұсынады. Сіздің әдісіңіздің қандай артықшылықтары бар? Қандай кемшіліктері бар?
Қорытынды
Бұл жобада оқушылар көз құрылымымен танысып, қалай көретінімізді білді. Көру диагностикасын жүргізу құралдарымен танысты және көздің өткірлігін тексерді. Сауалнаманы қалай жүргізу керектігін біліп, бүкіл мектеп бойынша сауалнама жүргізді, соның барысында бірге командада жұмыс істеуді үйренді. Алынған мәліметтерді қолдана отырып, графиктер құруды үйренді және алынған статистика негізінде қорытынды жасады. Қоғамда көру өткірлігіне байланысты проблеманың бар-жоғын анықтап, шешімдерін ұсынып презентация жасады. Соның арқасында презентациялық қабілеттерін дамытты.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (проект-бағдарлы оқыту)— бұл шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе қиындыққа жауап іздеу және жоба бойынша жұмыс істеу арқылы (4-апта бойы) оқушылар білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі. (сілтеме бойынша өтіңіз сілтеме)
Жобаны бағалау үшін, бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBLrubrics — сілтеме) беріңіз:
— оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсінуі керек,
— оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алуы керек.

