3-сабақ

Кіріспе

Толықтырылған шындық — жасанды элементтермен және қоршаған орта туралы ақпаратпен толықтыру үшін экрандағы сандық ақпаратты проекциялау. Басқаша айтқанда, нақты физикалық әлемге сандық нысандарды қосу. Көбісі AR-мен Pokemon Go ойынынан немесе Instagram және Snapchat маскаларынан таныс. Толықтырылған шындық технологиясын күнделікті өмірде толықтырылған шындық көзілдірігі мысалында қолдануға болады. Ar технологияларын әртүрлі салаларда қолдануға болады, мысалы, туризмде навигация және қосымша ақпарат алу, жедел аударма үшін. Сондай-ақ, интернет-дүкендердегі киім мен жиһазды таңдау үшін. Білім беру саласында бұл технология процестерді, механизмдерді ішінен көруге көмектеседі.
AR технологиясын қолданудың әртүрлі әдістері бар. Бұл жобада біз маркер негізіндегі әдісті қолданамыз. Оны камера оңай таниды және виртуалды модель үшін орынды жақсырақ байланыстырады

Unity — бұл компьютерлік, консольдік және мобильді ойындарды дамытуға және басқаруға арналған ойын қозғалтқышы. Осы қозғалтқыштың көмегімен біз үйдің AR проекциясын жасаймыз.
Алдымен Unity Hub орнату керек. Ресми сайттан компьютерге қойылатын минималды талаптар:
ОС: Windows 7 SP1+, 8, 10, тек 64-разраядты нұсқасы; Mac OS X 10.12+; Ubuntu 16.04, 18.04; CentOS 7.
Графикалық процессор: Видеокарта DX10 (шейдер нұсқасы 4.0) қолдауымен. 

Unity Hub unity редакторының орнатылған нұсқаларын басқаруға, жаңа жобалар жасауға және дайын нұсқаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Unity Hub бағдарламасын нұсқауларға сәйкес жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Жүктеу үшін басыңыз.
Бүгін біз AR қосымшаның өте қарапайым прототипін жасаймыз және бұл технологияның не істей алатындығын көре аламыз. Болашақта араларыңызда біреу осы технологияны оқып, дамытқысы келетін шығар. Бағдарлама суретті анықтап, бақылай алатын болады.
Ол үшін бізге Vuforia қажет. Unity-мен бірге Vuforia көптеген Android және iOS құрылғыларын қолдайтын толықтырылған шындықты дамыту үшін платформалық SDK ұсынады.

Практикалық бөлім

Осындай қосымшаны жасауға кірісейік. Жүктеу үшін басыңыз. Мұнда қадаммен фото нұсқаулық көрсетілген, осы бойынша орындап шығыңыз.

Нәтижесінде сізде қалай болатынын қарап көріңіз:

video
play-rounded-fill

Уй тапсырмасы

Келесі сабаққа әр топ презентацияға дайын болуы керек. Әр команда AR проекциясын көрсетіп, үй жоспарын ұсынуы керек. Неліктен олар мұндай сызбаны таңдағанын айтып шығуы керек. Олардың сызбасының артықшылығы неде екенін түсіндіруі керек. Power Point бағдарламасы, бейнелер, интерактивті тақталар, блогтар және басқа да мультимедиаларды қолдануға, әртүрлі шығармашылық презентация әдістерін қолдануға болады.