8 сынып. 4 лаб. Сабақ

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Тізбек бөлігіндегі ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу

Жұмыстың мақсаты

  • Металл өткізгіштерде ток күшінің кернеуге тура тәуелділігіне тәжірибе арқылы көз жеткізу;
  • Тәжірибеден алынған мәліметтерді талдау және оларды қателіктерін ескере отырып жазу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Тізбек бөлігінде ток күші кернеуге тура пропорционалды. 

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

   Ом заңы: тізбек бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал оның кедергісіне кері пропорционал. 

Дереккөздер:

  1. Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері, ток күші, кернеу. (2018). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.
  2. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. (2018). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Тәжірибе

Жұмыс барысы:  

1-қадам. Амперметр мен вольтметрдің бөлік құнын анықтаңдар, алынған нәтижені кестеге енгізіңдер. 

2-қадам. 

Фотода көрсетілгендей тізбек құрастыр. Кілтті тұйықтаңдар.  

3-қадам. Реостаттың жылжымалы контактының күйін өзгерте отырып, вольтметрдің және соған сәйкес амперметрдің көрсеткішін алыңдар, оларды кестеге енгізіңдер. Кестеге кернеу мен ток күшінің мәнін өлшеу қателігін ескере отырып жазыңдар. 

4-қадам. Алынған кернеу мен күштің мәні бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін салыңдар. Өлшенген шамалардың мәндер аймағынан өтетіндей немесе оны жанайтындай етіп график салыңдар. 

5-қадам. Қорытындыға келіңдер. 

Зерттеу бөлімі

Амперметрдің өлшеу қателігі
ΔI, A
Ток күші         
 I, A
Өлшеу қателігі мен ток күші 
I±ΔI, A 
Вольтметрдің өлшеу қателігі 
 ΔU, В
Кернеу
 U, В
Кернеу мен өлшеу қателігі
U±ΔU, В
1      
2      
3      
4      
5      
6      

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қандай тәуелділік графигін алдыңдар?
  • Тәжірибе нәтижесі Ом заңын растай ма?

Қорытынды

Ток күші тізбек бөлігіндегі кернеуге тура пропорционал. Эксперимент нәтижелері Ом заңын растайды.