Жұмыс туралы ақпарат:
Осы зертханалық жұмыс барысында оқушылар тәжірибе арқылы тізбек бөлігіндегі ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттейді.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
| Тұрақты электр тогы | Зертханалық жұмыс № 4. Тізбек бөлігіндегі ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу | Металл өткізгіштерде ток күшінің кернеуге тура тәуелділігіне тәжірибе арқылы көз жеткізу; Тәжірибеден алынған мәліметтерді талдау және оларды қателіктерін ескере отырып жазу. |
• Ток көзі
• Өткізгіш сымдар
• Резистор
• Реостат
• Кілт
• Амперметр
• Вольтметр
