Ерітіндінің pH ортасын сипаттау
pH Scale by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- Ерітіндінің pH ортасын сипаттау
Күтілетін нәтижелер:
- Ерітіндінің қышқыл, бейтарап немесе сілтілі орта екенін анықтау
Виртуалды эксперимент
Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.

Жұмыс барысы:
1-қадам. “Ерітіндінің pH ортасын сипаттау” виртуальды экспериментке кірген уақытта сізде үш түрлі бөлім беріледі: макро, микро және менің шешімім. Сіз бұл жұмыста макро бөлімін таңдап, сол бөлімде эксперименттер істейтін боласыз.
2-қадам. Ерітінді түрін таңдаңыз. (Мысалы, су)
3-қадам. рН шәкіл арқылы ерітіндінің рН ортасын анықтаңыз. (рН=7)
4-қадам. Келесі ерітінді түрін таңдаңыз.
5-қадам. рН шәкіл арқылы ерітіндінің рН ортасын анықтаңыз.
6-қадам. Ыдысқа ерітіндіден құйыңыз.
7-қадам. Ерітіндінің рН анықтаңыз. Өзгеріс бар ма? Неліктен?
8-қадам. Ерітіндіге су құю арқылы сұйылтыңыз.
9-қадам. Ерітіндінің рН анықтаңыз. Өзгеріс бар ма? Неліктен?
10-қадам. Басқа ерітінді түрлерін таңдап, жоғарыдағы қадамдарды қайталасаңыз болады.
Қорытынды
Виртуалды жұмысты жасау арқылы әр ерітіндінің өзіне тән рН ортасы болатыны анықталды.
Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:
- basic — сілтіліқ орта
- acidic — қышқылдық орта
- neutral — бейтарап орта
- battery acid — аккумулятор қышқылы
- blood — қан
- chicken soup — тауық сорпасы
- coffee — кофе
- drain cleaner — тазарқыш
- hand soap — қол сабыны
- milk — сүт
- orange juice — апельсин шырыны
- soda pop — газдалған су
- spit — сілекей
- vomit — құсық
- water — су
