Ерітіндінің pH ортасын сипаттау

pH Scale by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

video
play-rounded-fill

Мақсаты:

  • Ерітіндінің pH ортасын сипаттау

Күтілетін нәтижелер:

  • Ерітіндінің қышқыл, бейтарап немесе сілтілі орта екенін анықтау

Виртуалды эксперимент

Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген. 

Жұмыс барысы:

1-қадам. “Ерітіндінің pH ортасын сипаттау” виртуальды экспериментке кірген уақытта сізде үш түрлі бөлім беріледі: макро, микро және менің шешімім. Сіз бұл жұмыста макро бөлімін таңдап, сол бөлімде эксперименттер істейтін боласыз. 

2-қадам. Ерітінді түрін таңдаңыз. (Мысалы, су)

3-қадам. рН шәкіл арқылы ерітіндінің рН ортасын анықтаңыз. (рН=7)

4-қадам. Келесі ерітінді түрін таңдаңыз.

5-қадам. рН шәкіл арқылы ерітіндінің рН ортасын анықтаңыз. 

6-қадам. Ыдысқа ерітіндіден құйыңыз. 

7-қадам. Ерітіндінің рН анықтаңыз. Өзгеріс бар ма? Неліктен? 

8-қадам. Ерітіндіге су құю арқылы сұйылтыңыз. 

9-қадам. Ерітіндінің рН анықтаңыз. Өзгеріс бар ма? Неліктен?

10-қадам. Басқа ерітінді түрлерін таңдап, жоғарыдағы қадамдарды қайталасаңыз болады.

Қорытынды

Виртуалды жұмысты жасау арқылы әр ерітіндінің өзіне тән рН ортасы болатыны анықталды. 

Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:

  • basic — сілтіліқ орта
  • acidic — қышқылдық орта
  • neutral — бейтарап орта
  • battery acid — аккумулятор қышқылы
  • blood — қан
  • chicken soup — тауық сорпасы
  • coffee — кофе
  • drain cleaner — тазарқыш
  • hand soap — қол сабыны
  • milk — сүт
  • orange juice — апельсин шырыны
  • soda pop — газдалған су
  • spit — сілекей
  • vomit — құсық 
  • water — су