Өткізгіштегі кедергі
Resistance in a Wire by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Өткізгіштегі кедергі
8 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Сымның кедергісінің меншікті кедергіге, сым ұзындығына және сымның көлденең қимасының ауданына тәуелділігін анықтаңыз.
Күтілетін нәтижелер:
- Кедергі сымның меншікті кедергісі мен ұзындығына тура пропорционал және сымның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал.
Практикалық бөлім
Виртуалды лабораторияға кішігірім инструкция.

Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Меншікті кедергіні өзгертіңіз.Кедергі қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз.

2-қадам. Меншікті кедергі артқан сайын сымда көбірек нүктелер пайда болатынына назар аударыңыз. Бұл электрондар соқтығысатын иондар, олар артқан сайын кедергі артады.
3-қадам. Сым ұзындығын өзгертіңіз. Кедергі қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз.

4-қадам. Сымның көлденең қимасының ауданын өзгертіңіз. Кедергі қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды
Кедергі сымның меншікті кедергісі мен ұзындығына тура пропорционал және сымның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал.
Глоссарий
Resistance — Кедергі
Resistivity — Меншікті кедергі
Length — Ұзындығы
Area — Көлденең қимасының ауданы
