Өткізгіштегі кедергі

Resistance in a Wire by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жоба тақырыбы: Өткізгіштегі кедергі

8 сынып

Жұмыс мақсаты:

  • Сымның кедергісінің меншікті кедергіге, сым ұзындығына және сымның көлденең қимасының ауданына тәуелділігін анықтаңыз.

Күтілетін нәтижелер:

  • Кедергі сымның меншікті кедергісі мен ұзындығына тура пропорционал және сымның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал.

Практикалық бөлім

video
play-rounded-fill

Виртуалды лабораторияға кішігірім инструкция.

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Меншікті кедергіні өзгертіңіз.Кедергі қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз.

2-қадам. Меншікті кедергі артқан сайын сымда көбірек нүктелер пайда болатынына назар аударыңыз. Бұл электрондар соқтығысатын иондар, олар артқан сайын кедергі артады.

3-қадам. Сым ұзындығын өзгертіңіз. Кедергі қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз.

4-қадам. Сымның көлденең қимасының ауданын өзгертіңіз. Кедергі қалай өзгереді? Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Кедергі сымның меншікті кедергісі мен ұзындығына тура пропорционал және сымның көлденең қимасының ауданына кері пропорционал.

Глоссарий

Resistance — Кедергі

Resistivity — Меншікті кедергі

Length — Ұзындығы

Area — Көлденең қимасының ауданы