Сабақ

Жұмыстың мақсаты:

  • хлорсутек қышқылының химиялық қасиеттерін зерттеу

Күтілетін нәтижелер:

Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:

  •  Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
  •  алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
  •  өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Тапсырма 2-3 адамнан тұратын топтарда орындалады
  • Зертханалық жұмыстарға кіріспес бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеу үшін сілтемеге өтіңіз:
Сақтық шаралары:
  • Тек сұйылтылған тұз қышқылымен жұмыс жасаңыз.
  • Барлық тәжірибелерді жақсы желдетілетін жерде орындаңыз.
  • Қорғаныс көзілдірігі мен қолғапты ұмытпаңыз.
  • Реактивтердің дәмін татуға болмайды.
  • Мұғалімнің нұсқауынсыз қышқылдарды басқа заттармен араластырмаңыз.

Теориялық бөлім

Хлорсутек қышқылы (HCl) – ең көп таралған және маңызды бейорганикалық қосылыстардың бірі. Бұл суда жақсы еритін өткір иісі бар түссіз, мөлдір газ. Сутегі хлоридінің сулы ерітінділері тұз қышқылы деп аталады.

Хлорсутек қышқылының мәні

Тұз қышқылы адам қызметінің әртүрлі салаларында маңызды рөл атқарады:

  • Өнеркәсіп: металдарды тазарту, органикалық қосылыстар өндіру, полимерлер мен басқа заттарды синтездеу үшін қолданылады.
  • Зертханалық тәжірибелер: химиялық талдаулар мен синтездерді жүргізу үшін реактив ретінде қолданылады.
  • Тамақ өнеркәсібі: қышқылдықты реттеу үшін тағамдық қоспалар (E507) ретінде қолданылады.
  • Медицина: асқазан сөлінің құрамына кіреді, ас қорытуға қатысады.

Тәжірибелік бөлім

video
play-rounded-fill

1-қадам. Сынауықтардың әрқайсысын 2 мл тұз қышқылымен толтырыңыз.

№1 тәжірибе: Хлорсутек қышқылының индикаторлармен әрекеттесуі

2-қадам. Бірінші сынауыққа лакмус қағазын батырыңыз. Ерітіндінің рН көрсеткішін шкала бойынша анықтаңыз.

3-қадам. Енді сол сынауыққа табиғи индикаторды қосыңыз. Түстің өзгеруін қадағалаңыз. Сабақ 1 – experimentum.kz

№2 тәжірибе: Хлорсутек қышқылының негіздермен әрекеттесуі

4-қадам. Тұз қышқылы бар екінші сынауыққа натрий гидроксидін бірдей мөлшерде қосыңыз. 

5-қадам. Алынған ерітіндіні индикатормен тексеріңіз.

№3 тәжірибе: Тұздармен әрекеттесуі 

6-қадам. Келесі сынауыққа кішкене мөлшерде бор қосыңыз. Өзгерістерді бақылаңыз.

7-қадам. Жұмыс парағына тәжірибе барысында жасалған реакциялардың химиялық теңдеуін жазып, жұмыс туралы қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Жүргізілген тәжірибелер тұз қышқылының күшті қышқыл ретіндегі өзіне тән қасиеттерін растады. Индикаторлар түсінің байқалған өзгерістері, тұздармен әрекеттесу кезінде газдың бөлінуі тұз қышқылының жоғары химиялық белсенділігін көрсетеді.